Оқиға 21 маусым күні кешкі сағат 18.00 шамасында Ақтау қаласындағы 17 шағын аудандағы Green Park тұрғын үй кешенінде орын алды. Ақтауда соңғы жылдары салынған сәулетті үй саналатын аталмыш кешеннің жетінші қабатынан құлаған бала төменгі қабатқа арнайы салынған тордың арқасында аман қалды. Оқиға куәлерінің айтуынша, терезе алдында ойнап отырған бала кенет терезені ашып, төмен қарай құлдилай жөнелген. Абырой болғанда, жақтаулары темірден жасалғанмен тордың өзі жұмсақ материалдан болып шықты. Құтқарушылар келіп тор үстінде жылап отырған балаға көмек қолын созған. «Баланы жұбатып, оның қозғалмауын, қорықпауын сұрай жүріп Дүйсен Аққалиев баспалдақ қойып, жоғары өзі көтеріліп, баланы қолына алды», дейді тұрғындар. Жедел жәрдем көмегін күтпей-ақ, баланы дереу ауруханаға жөнелтті. Артынша Маңғыстау облыстық ауруханасының қабылдау бөлімі балада ауыр жарақаттардың жоқ екендігін хабарлаған.
Қазір құқық қорғау орындары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Олар ересектерден терезелерді ашық қалдырмауды, балалар бар бөлмеде терезе алдына жүк, жиһаз қоймауды, сондай-ақ балалардың терезені өз бетінше ашуына мүмкіндік бермейтін құлыптарды қондыруға кеңес беруде.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан»
Маңғыстау облысы

Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47
Өрт сөндіру техникаларына кедергі келтірген көліктер жаппай эвакуацияланып жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:28
Щучинск тұрғыны сотқа жалған айғақ бергені үшін бас бостандығынан айырылды
Заң • Бүгін, 15:19
Биыл Астанада 24 апатты үй сүріледі
Елорда • Бүгін, 15:15
Конгода Эбола індетінен 232 адам көз жұмды
Әлем • Бүгін, 15:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Яков Милатович кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Президент • Бүгін, 14:58
Ұлттық банк: Құжаттардағы «тенге» сөзі «теңге» болып өзгертіледі
Теңге • Бүгін, 14:49
Мал ұрлығымен айналысқан 58 қылмыстық топ ұсталды
Қылмыс • Бүгін, 14:36
Кибер-күзетші: Қарағандыда робот-ит сынақтан өтіп жатыр
Digital • Бүгін, 14:21
Астанада «Ойыншықтар хикаясы 5» анимациялық фильмінің жабық көрсетілімі өтті
Қоғам • Бүгін, 13:44
Жанабыловтерден тәркіленген 8 автокөлік сатылымға шығарылды
Оқиға • Бүгін, 13:27