23 Маусым, 2016

Майдан даласынан қалған белгілер

502 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ERA_8944Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталы­ғының Әскери-тарихи музейінде Ұлы Отан соғысы басталуының 75 жылдығына арналған көрме ашылды. Оны аталған музейдің көмегімен «Мемориалды аймақ» іздеу жасағының командирі Майдан Құсайынов ұйымдастырды. Бұл әскери іс-қимылдар барысында қаза тапқан жауынгерлер мен командирлердің жеке заттарынан жинақталған ТМД елдеріндегі осындай алғашқы көрме болып табылады. Яғни, көрменің шеңбері Ұлы Отан соғысының кезеңін қамтумен шектеледі. Оның бірегейлігі де сол, экспозицияларда ұсынылған заттар ұрыс даласынан табылған. Ал құрамы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерінен жасақталған, Майдан Көмекұлы жетекшілік ететін «Мемориалды аймақ» іздеу жасағы ерлікпен қаза тапқан жауынгерлер мен командирлерді іздеп тауып, олардың аттарын қалпына келтірумен айналысады. Күні бүгінге дейін ТМД елдерінің іздеу жасақ­тары ұрыс далаларынан тапқан медальон­дардың нәтижесінде Ұлы Отан соғысының 20 мыңнан астам жауынгері мен командирінің аты-жөндері белгілі болып отыр. Өз кезегінде, «Мемориалды аймақ» жасағы ұрыс даласынан 10 адамның аты-жөнін, ал архивтік іздеу барысында 2607 адам­ның аты-жөнін анықтады. Кейбір есімдерді наградаларының нөмірлері бойынша анықтау мүмкін болған. Анықталған есімдердің тек 10 пайызы ғана олардың туған-туысқандарына белгілі болып отыр екен. Міне, дәл сондықтан да жасаққа жұртшылықтың назары мен көмегі ауадай қажет көрінеді. Бұл арада, әсіресе, жасақ пен туысқандар арасын жалғайтын бұ­қа­ралық ақпарат құралдарының рөлі аса жо­ғары болмақ. «Майдан даласынан жеткен есімдер» экспозициясына қазу орындарынан табылған бірегей фотосуреттер, снарядтардың жарықшақтары, солдаттардың медальондары, Қызыл әскер кітапшалары, жауынгердің жараланғаны туралы анықтамалар, оқ-дәрілер, оқтан сақтайтын бойтұмар ретінде қолданылған «көйлекті» патрондар, т.б. қойылған. Көрме барысында, сондай-ақ, ТМД елдері іздеу жасақтарының бірлескен жұмыстарының қорытындылары туралы ақпарат бар бірқатар кітаптың тұсаукесерлері өткізіледі деп жоспарланып отыр. «Егемен-ақпарат» Суреттерде: көрмедегі экспонаттар; «Мемо­риал­ды аймақ» іздеу жасағының командирі М.ҚҰСАЙЫНОВ Суреттерді түсірген Ерлан ОМАРОВERA_8940 ERA_8964+
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше