Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2013 жылғы шешімімен «Мерейлі отбасы» жалпыұлттық байқауының жариялануы еліміздегі ең жарқын мерекелердің қатарында шаттық шашуда. Өйткені, «Мерейлі отбасы» – Мәңгілік елдің тірегі». Сондықтан, Ақмола облысындағы байқаудың қорытынды кезеңі осы ұранмен өткізілуі 320 адам қатысқан тәлім шараның салтанатын аша түскені анық.
– Мемлекет басшысы атап өткендей, отбасы – Қазақстан қоғамының тірегі, ел жетістіктерінің негізі, – деді облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов құттықтау сөзінде. – Отбасылық құндылықтарды, отбасы мен некені және көп балалы болу өнегелерін кеңінен дәріптеу, халқымыздың ұлық мұраттарының бірі. Мұндай өнегелі отбасылар біздің өңірімізде де көптеп саналады. Жыл санап байқауға қатысушылардың саны артып келеді. Бүгін біз таңдаулыларды анықтап, қуаныштарына ортақтасамыз. Осынау қымбат дәстүріміз әманда жалғасын таба берсін.
Ұйымдастыру комитетінің шешімімен Агафоновтардың интернационалдық отбасы, мұғалімдік өтілі 407 жылды құрайтын Лошковтардың әулеті арнайы жүлдеге ие болды. Ал үшінші орынды 11 бала тәрбиелеп, шаңырақ құрғандарына 60 жыл толуын тойлап отырған Айтқожиндер мен Қорғалжын еліне аты кеңінен танымал Смановтардың ынтымақты ұясы жеңіп алды. Жарқайың ауданынан келген Рахима Сұлтанова апаға «Достық» мәдениет сарайына жиналған қауым түрегеп тұрып құрмет көрсетті. «Батыр Ана» 49 жасында жесір қалғанымен, тіршілік ауыртпалығына қайыспай, 25 немере, жеті шөбере сүйіп отыр. Сондай-ақ, жастығына қарамастан, өздерінің үш баласы мен екі немересін өсіріп, бұған қоса, үш баланы асырап алған Зеренді ауданының тұрғындары Сайран мен Гүлнұр Ыбыраевтарға арналған қошемет те айрықша болды. Бұл екі отбасы жүлделі екінші орыннан көрінді.
Байқаудың бас жүлдесі Сандықтау ауданының Құрметті азаматы, белгілі кәсіпкер Атлан Докаев пен Макин қаласының тұрғыны, І топтағы мүгедектігіне қарамастан 17 баланы күтімге алған Серік Әкімбаевтың отбасына бұйырды. Алдағы қыркүйек айында осы отбасылардың біреуі республикалық байқауға қатысатын болады.
Шара соңында бүлдіршін Дәулетхан Әлинұрдың тұсауы кесіліп, мерекелік концерт қойылды.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47