23 Маусым, 2016

«Астананың» лигадағы қарсыласы анықталды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Футболдан Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Бұл сынға биыл Қазақстанның төрт клубы қатысады. УЕФА Чемпиондар лига­сы­ның екінші іріктеу кезеңінде елорданың «Астана» клубы Лит­ваның Вильнюс қаласының «Жальгирис» командасымен кез­деседі. Чемпиондар лигасының алғашқы ойындары 12 немесе 13 шілдеде Литвада өтсе, ал екінші матч 19 шілде не­месе келесі күні Астанада ойналады. Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңінде Қазақстанның клубтарымен ойнайтын командалар да белгілі болды. «Қайрат» (Алматы) Албанияның «Теута» (Дуррес) клубымен күш сынасады. «Ордабасы» (Шымкент) Сербияның «Чукарички» (Чу­карице) командасымен, «Ақтөбе» (Ақтөбе) Венгрияның МТК Бу­дапешт (Будапешт) жасағымен кездеседі.