04 Ақпан, 2011

Мәре біреу, жол – үшеу

416 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Әкім есеп берді. Ел не деді?

Қаңтар айынан бастап  аудан әкімдері ауылдық, селолық  ок­ругтерді аралап,  тұрғындар алдында  жыл бойы атқарылған жұ­мыстарды саралап қорытындылауда. Бір-біріне жағаласа үш аудан – Қамысты, Қарасу, Алтынсарин аудандарының әкімдері тұр­ғындар алдында жылды қорытындылады. Облыс орталығынан алыста  ор­­наласқан  Қамысты ауданы  өт­­кен жылды жаман аяқтаған жоқ. Ал­дымен  2010 жылы  қа­мыс­ты­лық­тар ауданның құ­рыл­ға­нына 55 жыл толуын атап өтті. Жарты ғасырдан астам уақыт ішін­де аудан  экономи­ка­лық жа­ғы­­нан то­лыс­­ты да, нарықтың құл­дырауын да бастан кешті.  Қа­зір ауыл  қайта көтеріліп, тү­леп келеді.  Аудан тұр­­­ғындары ал­дында берген есебінде  аудан әкі­мі Бақберген  Өтеу­­лин  өткен жы­лы ат­қа­рыл­ған жұ­­мыстарды жан-жақты саралап берді.  Жыл  бойы  436 миллион теңгенің өнер­­­кәсіп өнімі өн­ді­ріл­ген. Бұл ал­дыңғы жылмен салыс­тыр­ған­да 102 пайызды құ­раған. Аудан  егін егіп, мал шаруа­шы­лығымен айналысады. Өткен жы­лы  ди­қан­дар 299 мың гектар жерге егін еккен болатын,  гектар ай­на­лымы 7,8  центнерден келді. Ал мал шаруашылығында мал тұқымын асылдандыру  ба­ғы­ты  ұс­­­­талып отыр.  Ауданда «Ал­­тын­сарин», «Ақкөл», «Қара­батыр»,  «Қо­­ныс­пай­Агро» жа­уап­кершілігі  шектеулі  се­рік­тестіктері  «Кең  ау­қымды селекция» жобасына  қа­тысады.  Олар ғы­лыми-зерттеу  ме­­ке­мелерімен келісім-шартқа оты­­­­­­­­рып, селекция жұмыс­та­ры­ның  бар­­­­­лығын  ғылыми жолға қой­­­­­ған.  Бұл жұмыс ауданда  ауыл ша­руа­шылығын үдемелі өндіріс­тік-ин­новациялық дамуға бағыт­тайды. Осы бағдарлама шең­берінде үсті­міз­дегі жылы  тауар­лы сүт фер­масы мен бордақылау ала­ңын салу  үшін жұмыстар ат­қарылмақ. Өткен жылы ауданда 636  қа­мыстылық  жұмысқа орналас­ты­рыл­­ды. Ал бұл  орта және ша­­ғын бизнесті дамытудың ар­қа­сында мүм­кін болды.  Шағын кә­сіп­кер­лік  1 миллиард 559 мил­­­лион тең­генің өнімін өн­діріп, қызметін көр­сеткен. Бұл 2009 жылға қара­ғанда  үш есеге жуық көп. Аудан бо­йын­ша орташа жалақы  өткен жылы 45 мың теңгеден асып жығылды. Әкім өзге бағыттар бойынша ат­қарылған жұмыстарға да тоқтал­ды. Ал Бақберген Өтеулиннің  есебіне тұрғындар тарапынан еш­қан­дай сын болған жоқ. *** «Қарасуда – алтын дән, Қа­ра­суда – барлық сән» деп баяғы  әнде ай­тылатындай, бұл – құй­қалы өңір.  Өткен күзде ғана Ұзын­көл ау­да­нынан Қарасуға ауысып барған Аман­тай Сейфуллин  бас­тал­ған істерді жал­ғастырды. Аудан жы­лына 667 мың гектарға дән себеді.  Бидай түсімі орташа есеппен  гек­­тарына  6,8 цент­нерден айналды. Көктен там­шы тамбаған қуаң­шы­лық жылы бұл түсімді қара­су­лықтар  азға балап отырған жоқ. Алдағы көктемге 80 мың тонна сапалы тұқым жинап қойды. Аудан экономикасын сер­піл­тетін мал ша­руашылығы. Бұл орайда,  Қара­суда  өзгеге үлгі істер басшылық.  Өткен жылы ғана мұн­да  «Қараман К» жауапкершілігі шек­­­теулі серіктестігінде 2500 малға  арналған бор­дақылау алаңы ашыл­ды. Бұл облыс мал шаруа­шы­лығындағы ең  ірі ин­вестициялық жоба болып та­былады. Өндірген өнімді өздерінде ұқ­са­туға талпыну – осы ауданның  бір ерекшелігі.  Нарық кезінде  өндіріл­ген өнімді шикізаттай біреудің қо­лына ұстатудан гөрі, ұқсатқан сайын оның пайдасы да шашетектен бо­лады. Ауданда ірілі-уақты 30 ұқсату кәсіпорны бар.  Олар  жыл бойы  1 миллиард 300 миллион теңгенің  өнімін өндірген. Ауылдағы адамды  мазалайтын жұмыс мәселесі. Қарасу ауданында  есепті он екі айдың ішінде  «Жол картасының» көмегімен 476 жұмыс орны  ашылған.  Әрине, әл-қуаты  өз­гелерден  басымдау әрі үлкен аудан үшін мұны көңіл толтыратын сан деуге бола қоймас. Ауданда  өткен жылы «Балапан» мемлекеттік бағдарламасына  орай біршама жұмыстар атқа­рыл­ды. Жал­ғасқан және  Восток ауыл­да­рында екі балабақша ашылды. Мұның сыртында аудан орталы­ғын­да  бұ­рыннан қалған ғимарат бала­бақшаға лайықталып жөнделді.  Со­­нымен қа­тар, мектептер жанын­дағы 11  ша­ғын орталық толық жұ­мыс  күніне ауыстырылды. Аудан бойынша 40 мектеп бар, соның  бар­лығында  ба­лаларға түсте бір мез­гіл ыстық та­мақ ұйым­дас­ты­рыл­ған. Бұрыннан да экономикасы мен әл-ауқаты кеуде қатарлы ауданның әкімі  жұртшылыққа үстіміздегі жы­­лы  үлкен іс бастаймыз деп уәде берген жоқ. Сол бұрынғы жұмыс­тар жалғасын табатынын айтты. *** Алтынсарин ауданының әкімі Ба­тырбек Ахметов те осы өңір­дің бас­шылығын күзден бастап тізгіндеген болатын. Қаңтар айын­да  Батырбек Мықансалық­ұлы ау­дан­дағы 12 ауылдық округте болып,  тұрғындармен өткен жылғы атқа­рылған шаруалар мен алдағы міндеттерді саралады.  Жылдың ба­­сын­­да  алға межелеп қойған 40 тап­сырманың  есепті уақытта 28-і орындалыпты.  Оның да басым көп­­­шілігі  тұрғындардың сұра­ны­мымен  қолға алынған әлеуметтік  мәселелер болатын. Нәпақасын жерден теріп жеген алтынсариндіктер өткен жылы 205 мың гектарға дән сіңірген бола­тын. Соңғы жылдары мал шаруа­шылығы  облыстың барлық  өңі­рін­де  дамуға бет алды. Қуаң­шы­лық диқанның  маңдай терін он­ша­лықты ақтаған жоқ. Алтын­са­риндіктер де гектарына 7 центнерден  бидай алды. Алтын­са­рин ау­данында да  асыл тұқымды мал өсіруге талпыныс бар.  Ауданда  үш шаруашылық  жоғары өнімді  ет ба­ғытындағы мал өсіріп отыр. Дәл  бү­гінгі күні  Анновка ауы­лын­да  2400 бас  ірі қараға арнал­ған бордақылау алаңының құры­лы­сы жүріп жатыр.  Ол 20 адамға жұмыс орнын ұсынбақ.  Өзгелерге қарағанда бас-аяғы жинақы шағын аудан соңғы кезде  өндірістік-ин­но­вациялық  аумақтық бағдарла­ма­ға  қатысты.  «Обаған-Су» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Щербаков ауылында  жылына 1,4 миллион  бір литрлік шөлмек  ау­ыз су құятын  жа­ңа цехты іске қосты. «Алтын май» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарас­ты тәулігіне 300 тонна ұн тарта алатын диірмен кешенінің құры­лысы да аяқталды. Ауданда 468 шағын бизнес кәсіпорны бар, олар­да  мың жарымға жуық адам жұмыс істейді. Өткен жылы республикалық бюджеттен бөлінген 1 миллион 680 мың теңге жас мамандарды қолдауға жұм­салса,  11 жас маман жеңілдетілген несиемен баспанаға ие болған. Егер мектеп болмаса, ол ауыл облыс картасынан өшеді. Сол үшін ауданда мектептерді жөндеу жұ­мыс­тары жыл сайын  жалғасын табады. Міне, үш аудан  әкімдерінің есебіндегі мақсат-мәре біреу. Ол халықтың әл-ауқатын жақсарту екені әмбеге аян. Халықтың тұр­мысы экономиканы нығай­тып, әлеу­меттік маңызды мә­се­ле­лер­дің шешімін тапқанда жақ­сара­тыны тағы белгілі.  Ол үшін Пре­зидент белгілеген бағ­дар­ла­ма­ларды  жү­зе­ге асыру әкім­­­дер­дің  міндеті. Дегенмен,  Қа­мыс­ты, Қарасу, Ал­тын­сарин аудан­дарындағы  әкім есебінде  бір ауыз сын айтылған жоқ. Ол  әкім-қаралардың сынды ұната  бермейтіндігінен бе,  әл­де  жергілікті жер­лерде кемшіліктер жоқ па, оны тұрғындардың өз­де­рі біледі. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА. ________________________ Тұрғындар сөзі Сейітбек ЕСЕНБАЙ, Қамысты аудандық  ардагерлер кеңесінің төрағасы: – Мен аудан әкімі Бақберген Өтеулиннің ауылдық округтерге барып, тұрғындар алдында берген есебінің барлығына қатыстым. Ау­данда ат­қа­рылған жұмыстарды, нысандарды аралап көрдім.  Бақ­берген Қа­сым­ұлы жұ­­мыстың сапасын алдыңғы орынға қоятын азамат. Ол келгелі аудан орталығы қоқыстан, қардан уақтылы та­за­ра­тын болды, жаз айларында  гүл көмкереді.  Үстіміздегі жылы кент­ке ауыз су  мен газ келеді.  Осындай аза­мат­тардың, әкімдердің ар­қа­сын­да Пре­зидент  бағдарламалары жергілікті жерлерде  жүзеге асады. Ольга БАНКОВА, Алтынсарин аудандық мәдениет, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы: – Біздің ауданда  мәдени жұмыстар өткен жылы жақсы дамыды. Ау­ыл адамдарына клуб пен кітапхананың орны бөлек. Мәдени са­лаға бөлінген қаржыны  маңызды нәрсеге бағыттау жағына көңіл бө­лінді. Мысалы, кітапханалар мерзімді басылым түрлеріне бұ­рын­ғы­дан әлдеқайда көп жазылатын болды. Себебі, ауыл адамдары олар­дың бәрін ала бере алмайды.  Қазір олар кітапханаға  газет-журнал қа­рау үшін де  жиі келеді. Ал ауданның мәдениет ошақтарының жұ­мы­сы рейтинг бойынша облыста бірінші орынға көтерілді. Марина МАНКЕВИЧ, Қарасу аудандық  аурухананың бас дәрігері: – Ауруханаға жаңа  құралдар алынды. Бес дәрігер маман  келетін болды, олардың  әлеуметтік жағдайын жасауға ауданда дайындық та бар. Алынған жаңа компьютерлік құралдың арқасында  қысылшаң жағ­дайда  облыстық ауруханадағы әріптестерімізден  онлайн жүйесі арқылы кеңес­тер ала аламыз.  Қазір науқастанған қарасулықтар  Қос­­танай қала­сына бар­май-ақ,  аудандық ауруханада емделеді. Қостанай облысы.