Фото: livesport.ru[/caption]
Футболдан АҚШ-та өтіп жатқан Америка Кубогы турнирінде Аргентина мен Чилидің ұлттық құрама командалары финалға шықты.
Жартылай финалда Аргентина құрамасы АҚШ командасымен кездесіп, 4:0 есебімен жеңіске жетсе, Чили мен Колумбия арасында өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.
Аргентина мен АҚШ командаларының ойынында Лионель Месси ұлттық құрама сапында ең көп доп соққан шабуылшы атанды. Ол команда құрамында 112 рет алаңға шығып, 55 доп соқты. Осы кездесуде Гонсало Игуаин дубль жасады. Бір голды қақпаның торына Эсекьель Лавесси тоғытты.
Ал Колумбия мен Чили арасындағы матч бірінші таймнан кейін ауа-райының қолайсыздығына байланысты уақытша тоқтатылған болатын. Кездесу жарты сағаттан кейін ғана басталды. Бұл ойында Чили құрамасы бірінші таймнан кейін 2:0 есебімен жеңіп жатқан еді. Осы есеп ойынның соңына дейін өзгермеді.
Енді үшінші орын үшін АҚШ пен Колумбия құрамалары кездеседі. Матч 26 маусым күні өтеді. Ал финал 27 маусымда болады.
Колумбия – Чили – 0:2 (0:2)
Голдар: Арангис 7’ – 0:1, Фуэнсалида 11’ – 0:2
Колумбия: Оспина, Ариас, Сапата, Мурильо, Фабра (Диас 73’), Карлос, Торрес, Куадрадо (Бакка 80’), Родригес, Кардона (Морено 46’), Мартинес
Чили: Браво, Исла, Медель, Хара, Босежур, Арангис, Сильва, Эрнанде Пабло (Пульгар 30’), Фуэнсалида (Пуч 75’), Варгас, Санчес.
Алаңнан қуылды: Карлос 57’
23 маусым. "Солджер Филд " стадионы (Чикаго).
Дастан КЕНЖАЛИН

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47