Астана күніне орай елордадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Ашық есік күндерінің» онкүндігі өтеді. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Астана қаласының 18 жылдығын айшықты атап өту мақсатымен ұйымдастырылып жатқан бағдарламада 5 көрме залы болады.
Мұндай мәліметтер Елбасы кітапханасының атқарушы директоры Бейсембай Жұмабеков пен Геосаясат және аймақтық зерттеулер қызметінің жетекшісі Ержан Салтыбаев және Жұртшылықпен байланыс қызметінің жетекшісі Оксана Лоскутованың қатысуымен өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында айтылды.
Кітапхана директорының айтуынша, қызметкерлер «Ашық есік күні» айдарымен он күн бойы қала тұрғындары мен қонақтарының назарына бес бағыт бойынша арнайы көрме залын жабдықтаған.
«Атап айтқанда, фотодеректі мұрағат көрмесіне Мемлекет басшысының өмірі мен қызметі арқау етілген. «Елбасы әлемі: Тұлға. Саясаткер. Жасампаз» көрмесінің авторлары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын тұлға, әлемдік деңгейдегі саясаткер, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өміріндегі көрегенді және жасампаз өзгерістердің бастамашысы, жетекшісі және қатысушысы ретінде сипаттайтын түпнұсқалық тарихи құжаттарды ұсынады. Ал «Естелікке қолтаңба» көрмесі шетел мемлекеттері басшыларының, танымал тұлғалардың Елбасының атына сыйға ұсынған суреттерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар, экспозицияда бірегей 40 фотоқұжат қамтылған», дейді Б. Жұмабеков.
Мамандар пікіріне сүйенсек, қалған үш көрме Астана тақырыбына арналған. «Астана болашағы – балалар көзімен» тақырыбындағы көрмеде ұлттық мәдениеттің даму тарихына арналған балғындардың суреттері паш етіледі. Жасөспірімдердің шеберлігін шыңдау мақсатында Суретшілер одағының мүшесі Аманжол Мусалимов пен Әлішер Беспалиновтің арнайы дәрісін ұйымдастыру да жоспарланған. Ал «Еуразия жүрегінде» атты фотокөрмеде Журналистер одағының мүшесі Александр Пархоменконың Астана қаласындағы ғажайып көріністері бейнеленген 60 фотосурет жұртшылық назарына ұсынылмақ екен.
Нұрлыбек ДОСЫБАЙ,
«Егемен Қазақстан»

Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде сыйақы тағайындалды
Спорт • Бүгін, 16:58
Астанада азық-түлікті тиімді бағада қайдан алуға болады?
Елорда • Бүгін, 16:54
Алматыдағы Саин көшесінде автобус жолағы пайда болады
Алматы • Бүгін, 16:49
ChatGPT мен AliExpress компаниялары Қазақстан бюджетіне салық төледі
Экономика • Бүгін, 16:26
«Грантқа түсіремін»: Астанада 111 адамды алдаған алаяқ сотталды
Оқиға • Бүгін, 15:55
Қарағандыда 16 жастағы жасөспірім суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:47
Астанада қыз баланы құтқарып қалған екі азамат марапатталды
Оқиға • Бүгін, 15:39
Президент: Әрбір өркениетті елдің өсіп-өркендеуі үшін сот жүйесінің маңызы зор
Президент • Бүгін, 15:25
Астанада ТМД елдері қарулы күштері штаб бастықтарының отырысы өтті
Әскер • Бүгін, 15:21
Павлодар облысында 34 млн теңгеге жөнделген көпір суға батып кетті
Оқиға • Бүгін, 15:10
Ұлттық банк төрағасы: Теңге бағамының әлсіреуіне негіз жоқ
Теңге • Бүгін, 14:59
Алматыда бір бөлмелі пәтерге 990 адам тіркелген
Оқиға • Бүгін, 14:44
Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін марапаттады
Президент • Бүгін, 14:23
Черногория Президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді
Қазақстан • Бүгін, 14:18