24 Маусым, 2016

Ақиқаттың ашық алаңы

290 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
ERA_9091+Қазақ ұлттық өнер уни­верситетінің «Шабыт» шығар­машылық сарайында Ақ­парат және коммуни­кация­лар министрі Дәурен Абаев пен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының жетек­ші­лігімен өткен басқосуға қатысушылар журналистика, кино және телевидение салаларына қажетті мамандар даярлаудағы өзекті мәселелер туралы ойларымен бөлісті Еліміздегі жетекші басылымдар мен отандық телеарналар басшыларының, салалық оқу орындары ректорлары мен білікті мамандардың ой-ұсыныстары ортаға салынған отырысты сөз сөйлеп ашқан Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мұндай кездесу­лердің аса маңызды екенін атай келіп, салалық оқу орын­дарын­­дағы білім деңгейіне, жас маман­дардың келешекте жұмыс­пен қамтылу реттеріне қысқаша тоқ­талып өтті. Ақпарат және комму­ни­кациялар министрі Дәурен Абаев өз кезегінде теле-радио саласы мен әлеуметтік желілер дамуының қарқыны бірінші кезекте мамандардың кәсіби білік­тілігін арттыруды барынша талап етіп отырғанын, сонымен қатар ақпарат саласындағы бәсекелестіктің жалпы әлем бойынша қарқын ала түскенін алға тартты. Сала басшысы ол үшін бірінші кезекте ЖОО-ға үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр деді. Мәлімет бойынша еліміздегі 28 оқу орнында журналистер даярланады десек, шамамен биыл 500-дей маман оқу бітірген. Бірақ соның өкінішке қарай көпшілігі мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайтындығы ащы да болса, ақиқат. Сондықтан министр мұндай жағдай алдағы уақытта ЖОО-дағы оқыту әдістемесін өзгертпей болмайтынына назар аудартты. Телеарналар, газеттер, интернет-сайттар студент­тер­ді тәжірибеден өткізу мәсе­лесіне жіті көңіл бөліп, олар­дың кәсіби біліктілігі мен шебер­лігін шыңдауға жеткілікті мән берулері керек. Атап өтетін тағы бір жайт, әсіресе техникалық ма­ман­­­дарды даярлау ісі өте өткір күйін­де қалуда. Ал, телеар­на­лар­­дағы бағдарламалар сапасы негізінен тікелей осыған тәуел­­ді. Мамандарға әлемдік медиа­­на­рықтың талаптарына жауап беретін кез келді. Бұл ретте еліміздің оқу орындарында әлем­дік деңгейдегі арналарда жұ­мыс істеуге қабілетті мамандар даяр­лануы тиістігі сөз етілді. «Бұл үшін біз өз тарапымыздан сіз­дер­­­дің қойып отырған барлық талап­тарыңызды ескеретін боламыз» деді Д.Абаев. Мұнан кейін Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаева оқу ор­ны­ның жетістіктері, мате­риал­дық-техникалық базаның мүмкіндіктері туралы тоқталып, келешекте мамандық ауқымын мұнан да кеңейтуге, мәселен, жур­налистерді, дикторларды даяр­лауға дайын екендіктерін жеткіз­ді. 2010 жылы жаңа маман­дықтар ашылды, атап айтқанда, мәде­­ниет­тану, өнертану, хорео­графия, кес­кiндеме, мүсiн, режиссура (рөл­дік ойын және деректі кино), опе­раторлық өнер, сценография (киiм, грим-визаж дизайндары), кiтапхана iсі сияқты шығармашылық ма­ман­­дық­тары. Сонымен қатар, өзі бас­қа­ратын білім ордасын­дағы студент­тер мен оқытушы-ма­ман­­дар­дың халықаралық бәй­ге­­лер­дегі жүлделерін, соның бірі, жақында ғана Францияның Везуль қала­сын­да өткен ХХІІ халық­­ара­лық кино­фестивальден екі бірдей ол­жаны қанжығасына байлап қайт­қан «Кино және ТД» кафед­расы­ның оқытушысы, режис­сер Ерлан Нұрмұхамбетовтің «Жаңғақ тал» туындысын атап өтті. Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Бибігүл Нүсіпжанова сала мамандарының біліктілік деңгейі туралы ойларымен бөлісті. Бұл ретте студенттердің отандық БАҚ-та тәжірибеден өтуі дұрыс жолға қойылғанын, жастардың біліктілігін арттырып, кәсіби шеберлігін ұштауда тәжірибелі мамандардың тартылып отырғанын айтты. Ал, Қазақ ұлттық өнер университеті «Кино және ТД» кафедрасының меңгерушісі Талғат Тайшанов өз сөзінде еліміздің жетекші телеар­наларында кәсіби білімі жоқ мамандардың жұмыс істеп жүр­генін, ал өңірлік телеар­на­лар­дағы жағдай мұнан да қиын күйде екенін сынға алды. Осы орайда кәсіби білімі жоқ қыз­мет­керлерді қайта даярлық­тан өткізіп, оқытуды ұсынды. Сонымен қатар, бұл сала бойынша кейбір қажет мамандардың әлі күнге өзімізде оқытылмай отыр­ғанын айтты. Т.Жүргенов атын­дағы Қазақ ұлттық өнер ака­де­миясы «Кино және ТД режиссурасы» кафедрасының мең­герушісі Маргарита Соловьева қашық­тықтан оқыту, сондай-ақ шетелдерден білікті мамандарды тарту жайына тоқталды.  Бұл салада кәсіби біліктілікті арттыру институтының қажеттігін ұсынды. Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының осы орайдағы БАҚ жетекшілері мен білікті мамандардың оқу орындарында шеберлік-сыныптарын, лекцияларын ұйымдастыру туралы айтқан ұсынысы әріптестері тарапынан қолдау тапқандай. «Қазақстан»  РТРК» АҚ бас­қар­ма төрайымы Нұржан Мұха­мед­жанова  білім алушы жас­тардың шеберлігін қалып­тас­тырып, тәжірибеден өтуіне Ұлт­тық телеарнада барлық жағдайлар жасалғанын, келешек мамандарды кәсіби тұрғыдан даярлауда ешқандай кедергілер жоқтығын мәлімдесе, «Хабар агенттігі» АҚ басқарма төрайымы Алмагүл  Ахметжанова отандық арнадан жылына 70 студенттің тәжіри­бе­ден өтетінін, еліміздегі 5 ЖОО-мен өзара шығармашылық бай­ланыс орнатылып, ұдайы шебер­лік-сыныптары өткізіліп тұра­ты­нын айтты. Ал, «Егемен Қазақ­стан»  республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Еркін Қыдыр  бүгінде газет-журналдарға арнайы кәсіби білімі бар техникалық қызметкерлер, атап айтқанда,  макетті безендіру, дизайн саласына білікті мамандар ауадай қажет, салалық оқу орындары алдағы уақытта осы ұсыныс­тары­мыз­ды ескерсе деген ойын білдірді. «Казахстанская прав­да» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы Александр Тараков  ЖОО студенттері респуб­лика­лық газеттерден бұрын алдымен аудандық, өңірлік басылымдарда тәжірибе сынағынан өтуі тиістігін, сондай-ақ ағылшын тілін үйрену өмір талабына ай­нала бастағанын ескертті. Ақпа­рат және коммуникациялар ми­нистрі Дәурен Абаев жиын­ды қорытындылай келіп,  айтыл­ған пікір-ұсыныстарды тұжы­рым­дайтын жұмыс комиссиясы құрылуы керектігін, БАҚ-та тәжірибеден өткен келешек мамандардың жұмыспен қамтылу жағдайы назарға алынатынын айтты. Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»