Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің қорытынды отырысы өтті.
Кеңес жұмысына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аймағының 10 елінен келген 30-дан аса жоғары оқу орындарының ректорлары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері, Қазақстанның жетекші аграрлық жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу институттарының директорлары, эксперименталдық-тәжірибелік шаруашылықтардың және ауылшаруашылық өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпкерлер қатысты.
Келелі кеңес «Аграрлық білімнің ТМД кеңістігінде жаңғыруы» тақырыбында өтті. Атап айтқанда, жаңа аграрлық мамандықтарды ашу және бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру, агроөнеркәсіптік кешенде жаңа технологияларды әзірлеу және таратудың заманауи, тиімді және бәсекеге қабілетті жүйесін құру, әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану секілді бүгінгі таңда аса маңызды мәселелер талқыланды.
Мемлекеттік хатшы өзінің кіріспе сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында ХХІ ғасырдың жаһандық 10 сын-қатері қатарына жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер жататындығын айтқандығын жеткізді. Сондықтан, ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуының басты шарты болып табылады.
ТМД елдерінің агроөнеркәсіптік кешенінің инновациялық дамуында ғылыми әзірлемелер мен зерттеулерге үлкен мән беріледі. Бұл жерде 2003 жылы құрылған ТМД аграрлық жоғары оқу орындары ректорлары кеңесінің маңызы зор. Аталған кеңес кадрлардың кәсіби біліктілігін арттыру және оларды қайта дайындау, ТМД-ның жетекші аграрлық жоғары оқу орындары оқу-әдістемелік бірлестіктерінің өзара қарым-қатынасын және басқа да халықаралық ұйымдармен байланыс орнату арқылы жоғары оқу орындарының өзара ынтымақтастығын ұйымдастыру аумағындағы жұмыстарды реттейді.
Аграрлық жоғары оқу орындарының басшылары жоғары оқу орнын ұлттық зерттеу университетіне трансформациялау, аграрлық өнеркәсіп саласында ғылым, білім және өндіріс интеграциясы механизмдерін дамыту, мемлекеттік-жекеменшік әріптестігін дамыту және тағы да басқа маңызды мәселелер тұрғысында тәжірибелерімен алмасты.
Г.Әбдіқалықова кеңес барысында ауыл шаруашылығындағы жаңа технологияларды дамыту мен алмастыру үшін нысаналы ізденіспен айналысатын университет жанынан құрылған Агротехникалық хабты басқарудың ұйымдастырушылық құрылымымен танысты. Ауыл шаруашылығы ғылымының теориясы мен тәжірибесі арасындағы байланыстырушы буын ретінде танылған мұндай хабтар бүгінгі таңда АҚШ, Аргентина, Бразилия, Израиль және Австралия елдерінде табысты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, Мемлекеттік хатшы ұшқышсыз ұшатын аппараттар – дрондармен ауыл шаруашылығы алқаптарын алдын ала тексерумен айналысатын Тұрақты егін шаруашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысты.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан»
АЛМАТЫ

Emirates SkyCargo Алматы мен Дубай арасында жүк рейстерін іске қосты
Экономика • Бүгін, 18:44
Балқаш аспанын жүздеген дрон жарықтандырады: Balkhash Tour Fest-2026 басталды
Қоғам • Бүгін, 18:35
Абай облысындағы бейнекамера жүргізушілерге заңсыз айыппұл тіркеп келген
Заң • Бүгін, 18:06
Мәйіттік донорға мұқтаждар көп
Қоғам • Бүгін, 17:58
«Челси» Дастан Сәтпаевты жалға беруден бас тартуы мүмкін
Футбол • Бүгін, 17:51
Депутат: Су шаруашылығы инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты мәселе көп
Қоғам • Бүгін, 17:35
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ақтау әуежайы жаңғыртудан кейін ірі ұшақтарды қабылдайды
Инфрақұрылым • Бүгін, 17:05
1 шілдеден бастап газ бағасы 33%-ға қымбаттайды
Экономика • Бүгін, 16:55
Елордалық полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды
Оқиға • Бүгін, 16:30
Алматыда LRT құрылысына байланысты бір көше уақытша жабылады
Қоғам • Бүгін, 16:17
Алдағы демалыста 41 градусқа дейін ыстық болады
Ауа райы • Бүгін, 16:11
Шахтинскіде екі жұмысшы кәріз шұңқырына құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 16:04
Израильде еврейлер әскерге шақыруға қарсы наразылық акциясын өткізді
Әлем • Бүгін, 15:47