Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қарағанды облысында күйдіргі (Сібір жарасы) ауруының таралуына қатысты жағдайды күнделікті бақылауға алды.
Бүгін ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин өзінің кезекті баяндамасында «соңғы тәулікте Еркіндік ауылы тұрғындарының арасында күйдіргі
ауруын жұқтырған оқиға тіркелмегенін» атап көрсетті.
Сонымен қатар, арнайы штаб жұмыс істеуде, ауылда карантин жарияланды. «Бұл ауылдан мал басы мен азық-түлік өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынды. Жағдай бақылауда. Үй-жайлар және күйдіргіні жұқтырған науқастармен қарым-қатынас жасаған адамдардың түгелі анықталды, химиялық және дәрілік жолдармен індетке қарсы емдік шаралар жүргізіліп жатыр», – деді бас санитарлық дәрігер.
Баяндама қорытындысы бойынша Кәрім Мәсімов Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы министрліктеріне жергілікті органдармен бірлесіп, жұқпалы індеттен тұрғындарды қорғау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
«Біріншіден, аурудың әрі қарай таралуына жол бермей, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Екінші міндет – елімізде мұндай оқиғалардың болмауы үшін бізге кешенді іс-шаралар керек. Бұл мәселені сізге тұрақты бақылауда ұстауды тапсырамын», – деді К.Мәсімов.
Премьер-Министр келесі аптада Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барып, жағдаймен танысатынын айтты. Бұл мәселе бойынша арнайы жұмыс кеңесі өтетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, 19 – 22 маусым аралығында Қарағанды облысы Шет ауданы Еркіндік ауылында күйдіргі ауруын жұқтырды деген күдікпен тоғыз адам ауруханаға жатқызылған, олардың екеуі қайтыс болды. Індеттің жұғуына ауру малдың еті себеп болған, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27