Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Алматы облысындағы әлеуметтік нысандар және инфрақұрылым құрылысын аралап көрді
Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Талдықорғанға келді. Үкіметтік делегацияның жұмыс бағдарламасының тығыздығынан әңгіме бірден әуежайдан басталды. Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Талдықорған әуежайының ұшып-қону алабына жүргізілген жөндеу жұмыстары және оның мүмкіндіктері туралы айтып берді.
Негізінен Талдықорған әуежайы жылына орта есеппен 26,5 мың адамды тасымалдап, 600 әуе рейсін жасайды. Жалпы әуе жайдың ішкі жолдары, байланыс, электр жүйесі, дабыл құралдары толығымен ауыстырылған. Сөйтіп, қаланың кіреберісіндегі келбетін көрген соң үкіметтік делегация Талдықорғанның оңтүстік-батысында жарыса әрі көкке шаншыла сәндене бой көтерген тұрғын үй кешеніне келді. Таяу жылдары бұл арада жаңадан 400 гектар жерге бірнеше шағын аудан, әлеуметтік-мәдени құрылымдар: балабақша, мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы, драма театр, емхана, қонақ үй, көрме кешені салынып, қала көлемі үлкейе түсетіні де хабардар етілді. Өңір басшысының орынбасарлары Ғалымжан Әбдірайымов, Серікжан Бескемпіров, Серік Тұрдалиевтер «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында жол, тұрғын үй құрылысы және «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша аймақты газдандыруды жеделдете дамыту барысымен Үкімет басшысын хабардар етті. Осы жерде Жетісудың аграрлы секторы, Жаркент-Қорғас агломерациясы жобасымен өндірістік алқапты, индустриялық аймақты құру жөнінде қысқаша хабарлама жасалды. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша жақын жылдарда Панфилов ауданы, Нұркент ауылын жаңа қалашыққа айналдыру жоспарланған. Жаңа қалашықтың инженерлік-коммуникациялық құрылыс жұмысының құны 5, 6 млрд. теңге болатыны да мәлім етілді. Жалпы Үлкен Алматы шеңберлі автокөлік жолын жүзеге асыру үшін Алматының алты көшесі түйісетін шеңберлі жол салынуы керек екен.
Үкімет басшысы Талдықорғанның оңтүстік-батысына таяуда ғана ашылып, «Жасыл ел» қозғалысының облыстық штабы орналасқан жастарға қызмет көрсету орталығында болды. Ондағы интернет-кітапхананың жұмысын көріп, жергілікті жастармен пікір алмасып, олардың жұмысқа орналасуы секілді өзекті мәселелеріне үкіметтік делегация өкілдерін де араластыра білді.
Кәрім Мәсімов жұмыс сапарының соңында жақында ғана құрылыс жұмыстары аяқталып, көріктілігімен көз тартатын Оқушылар сарайында болды. Онда өнер саласының сан қырын ашатын көрме, ойын алаңдары орналасыпты. Мұнда балаларға арналған 50-ге жуық түрлі үйірмелер ашылып, онда жас физиктер, математиктер, биологтар, астрономдар жаттығатын болады. Жобаға сәйкес, зертханалар, фотосалондар және тағы басқа шеберханалар жабдықталады. Жүзу бассейні, сән-салтанат мектебі, бейнежазу студиясы, тіпті балалар театры да жұмыс істейді. Ең бастысы жергілікті балаларға тартылатын теңдессіз сый – жұлдыздарды алақандарына салғандай әсерге бөленетіндігі. Ол үшін ғимарат шатырына қуатты телескоп орнатылады. Сол арқылы мәжіліс залына арнайы монитор қойылыпты. Мұндай ғаламат телескопиялық құрал еліміздің бірде-бір өңірінде жоқ екендігін мамандар растауда.
Сәнді ғимараттың концерттік залында Үкімет мүшелері мен облыс активінің алдында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде өңір басшысы хабарлама жасады. Үкімет басшысы бірқатар министрлерді мінбеге шығарып, Алматы облысына қатысты министрліктерде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтқызды. Жиынды түйіндей келе бұл күні көтерілген мәселелерге тиісті тұлғалар жауабы берілетіндігін де мәлім етті.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан»
Талдықорған

Қазақстанда 32 мыңнан астам электр көлігі тіркелген
Қоғам • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифке хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:55
Өскеменде полицейлер жоғалған үш жасар баланы аман-есен тапты
Қоғам • Бүгін, 20:32
Прокуратура араласуымен ірі инвестордың құқықтары қорғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 20:26
Әкімдер Президентке есеп берді: Өңірлік даму мен жоспарлар қаралды
Президент • Бүгін, 19:50
Екінші турдың алғашқы ойындары: 18 маусымға арналған ӘЧ-2026 кестесі
Спорт • Бүгін, 19:34
Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50
Астанада 16 мыңнан астам түлекке аттестат тапсырылды
Қоғам • Бүгін, 18:35
«Штрафстан» туралы сынға жауап: Депутат рақымшылықтың мәнін түсіндірді
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:20
Президент Air Products бас атқарушы директоры Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
Президент • Бүгін, 18:05
Файзуллаев жасындай жарқылдады
Футбол • Бүгін, 18:00
Глуховка ауылының маңындағы өрт «Семей орманы» резерватына қауіп төндірді
Оқиға • Бүгін, 17:59
АҚШ-та ұсталған қазақ жігіті кепілмен босатылды
Оқиға • Бүгін, 17:40
Астанада жаяу жүргіншілер жолымен жүрген жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 17:37
Министр сәбиімен бірге курьер болып жүрген әйелге қатысты пікір білдірді
Оқиға • Бүгін, 17:27