24 Маусым, 2016

Оспадарлық деп осыны айтады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарағандыда мас жас­өспірімдер Қасым Аман­жоловтың ескерткішін бүлдіріп кетті Тәртіп сақшыларының наза­рына көшедегі бақылау каме­ралары арқылы екі жас жігіттің оғаш қы­лықтары түсіп қалған. Анықтап қарағанда, қазақ­ әде­биетінің көрнекті өкілі Қасым Аманжоловқа арнап тұр­ғы­зыл­ған ескерткішке шығып алыпты. Бұзақыларды бірге жүрген құр­былары фотоға түсіріп тұрған. Ка­мера алдында түрлі қылықтар жасап тұрған олар тәртіп сақ­шыларын көре сала алды-артына қарамай қаша жөнелді. Алайда, адымын аттат­паған полицейлер сол мезетте-ақ оларды қолға түсірді. – Назарға іліккен екі адам полиция бөліміне жеткізілді. Олардың ішімдік ішіп алғандары анықталды. Қоғамдық орындарда мас күйінде жүргендері үшін, бұзақылық әре­кеттері үшін, сонымен қатар, бір­неше бап бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – деді ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. Аян ӘБДУӘЛИ, «Егемен Қазақстан»