24 Маусым, 2016

Құнды мұралар қойылды

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Еуразия ұлттық университеті жанын­дағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының ұйымдастыруымен 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліске – 100 жыл  толуы­на орай «Ер қазақ ежелден – еркін­дік аң­саған» атты көрме ашылды. Апта бойы халыққа қызмет көрсе­тіп, көрмеге 1916 жылғы Ұлт-азат­тық көтерілістің мұра­ғат құжаттары, көтеріліске қатысты суреттер мен зерттеулер, ақын-жазушылардың шы­ғар­малары орналастырылды. Сонымен қоса, «Отырар кітапханасы» ғылыми ор­т­а­лы­ғының директоры, жазушы Тұрсын Жұрт­байдың бастамасымен дайындалған 3 том­дық басылымның қолжазбасы қойылады. Басты мақсат – тәуелсіздік жолында оянған ұлттық сана, ата-баба­лары­мыздың қанды жорықтары, дауылды азаттық күрес жолдары, ел бостандығы мен бірлік жолын көрерменге ашық көрсету, ұғындыру. Көрме ашылуының алғашқы күнінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы Диқан Қамзабекұлы арнайы құттықтау тілегін білдірді. 3 томдық қолжазбаны жинауға кітапхананың барлық ғылыми қызметкерлері бір кісідей атса­лыс­қан. Жанболат Кәріпбаев мұрағаттық еңбек­­термен айналысқан, бұл іске «Алматы қаласының Орта­­лық мемлекеттік мұрағаттық қорының» үлкен көмегі тигенін тілге тиек етті. Қолжазбаны кітап етіп шығаруға Ұлттық академиялық кітапхана және «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының қызметкерлері бірігіп, бір кісідей атсалысып жатыр. Ардақ САМАТҚЫЗЫ, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше