25 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №359

271 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
  2015 жылғы 27 наурыз , Астана қаласы Теміржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерін нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы «Теміржол көлігі туралы» 2001 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 2-тармағының 34-3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Теміржол көлiгiндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерін нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.Қасымбек «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ______________ Б.Сұлтанов 2015 жылғы «___» __________ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы №359 бұйрығымен бекітілді Теміржол көлiгiндегі мемлекеттiк бақылау қызметкерлерiн нысанды киiммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормалары № р/с Заттардың атауы 1 адамға заттар саны (дана) 1 киімді киіп жүру мер­зімі (жыл) 1 2 3 4 Ерлер нысанды киімі 1. Қара түсті қысқы китель 1 3 2. Қара түсті жазғы китель 1 3 3. Қара түсті жартылай жүн матадан шалбар 1 3 4. Қара галстук 2 1 5. Күнделікті қара түсті фуражка 1 3 6. ұзын жеңді крем түсті жейде 2 1 7. Қысқа жеңді ақ түсті жейде 2 1 8. Қара түсті су сіңірмейтін матадан тігілген күрте 1 3 9. Алынатын жылытқышы бар қара түсті плащ матасынан тігілген плащ – пальто 1 4 10. Қара түсті цигейкадан жасалған, жағасы жүннен және қайырмасы бар қара түсті жүн драптан тігілген басшылық құрамға арналған қысқы пальто 1 3 11. Қара түсті цигейкадан тігілген құлақшын 1 4 12. Жинақ: қысқы күрте мен комбинезон шалбар 1 3 13. Унты етігі 1 3 14. Кокарда 1 4 15. Шеврон 4 3 16. Жетон 1 3 17. Жеңдегі жапсырмалар 2 3 18 Иықтың жапсырмалары 2 3 Әйелдер нысанды киімі 1. Қара түсті қысқы китель 1 3 2. Қара түсті жазғы китель 1 3 3. Қара түсті кысқы юбка 1 2 4. Қара түсті жазғы юбка 1 2 5. Қара түсті қысқы шалбар 1 2 6. Қара түсті жазғы шалбар 1 2 7. Ұзын жеңді крем түсті жейде 2 1 8. Қысқа жеңді ақ түсті жейде 2 1 9. Қара түсті галстук 2 1 10. Қара түсті мақта қағазды матадан тігілген берет 1 3 11. Қара түсті жүн матадан тігілген берет 1 3 12. Қара түсті су сіңірмейтін матадан тігілген күрте 1 4 13. Қара түсті цигейкадан жүнмен өңделген жағасы бар қара түсті жүн драптан тігілген басшылық құрамға арналған қысқы пальто 1 3 14. Қара түсті цигейкадан жасалған, жағасы жүннен және қайырмасы бар қара түсті плащ матасынан тігілген қысқы күрте 1 3 15. Кокарда 1 4 16. Шеврон 4 4 17. Жеңдегі жапсырмалар 2 3 18. Иықтың жапсырмалары 2 3 Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 19 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11078 болып енгізілді.