2015 жылғы 21 мамыр, Астана қаласы
Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін
қауіп төндіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 89) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.ДҮЙСЕНОВА
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев__________________
2015 жылғы 29 мамыр
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 21 мамырдағы № 367 бұйрығымен бекітілген
Әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың тізбесі
1. Әлеуметтік мәні бар аурулар
1. Туберкулез
2. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру және адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушылар
3. В, С вирусты гепатиті
4. Қатерлі ісіктер
5. Қант диабеті
6. Психикалық ауытқулар және мінез-құлық ауытқулары
7. Балалардың церебральді сал ауруы
8. Жүрек талмасы (алғашқы алты ай)
9. Ревматизм
10. Дәнекер тіннің жүйелі зақымдануы
11. Орталық нерв жүйесінің тұқым қуалайтын дегенеративтік аурулары
12. Орталық нерв жүйесінің демиелиниленген аурулары
2. Айналадағылар үшін
қауіп төндіретін аурулар
13. Адамның иммунитет тапшылығы вирусы қоздыратын ауру және адамның иммунитет тапшылығы вирусын тасымалдаушылар
14. Геморрагиялық қызба
15. Дифтерия
16. Менингококк инфекциясы
17. Полиомиелит
18. Негізінен жыныстық жолмен берілетін инфекциялар
19. Алапес
20. Безгек
21. Күйдіргі (өкпелік түрі)
22. Туберкулез
23. Тырысқақ
24. Оба
25. Іш сүзегі
26. А вирусты гепатиті
27. Психикалық бұзылулар және мінез-құлық бұзылулары
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 30 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11512 болып енгізілді.