28 Маусым, 2016

Ұлттық баспасөздің үздіктері

329 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
27-06-1-BAL_8647Кеше Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елдің үздік журналистеріне Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттарын тапсырды және алғыстарын жариялады. Алдымен Мемлекеттік хатшы рәсім барысында сыйлық лауреаттары мен грант иегерлерін, Мем­лекет басшысының алғы­сын алған шығармашылық ұжым­дарды, сондай-ақ, елдің барша журналис­тер қауымын кәсіби мере­­кемен – Байланыс және ақпа­рат қыз­меткерлері күнімен құттық­тады. – Биыл – ел өмiрiндегi ерек­ше белес. Бiз қастерлi Тәуелсiз­дiгi­мiздiң 25 жылдық мерейтойын атап өтемiз. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев егемендiктiң ең ал­ғаш­қы кезеңiнен бастап отандық бұқа­ралық ақпарат құралдарының қалыптасуы мен дамуына ұдайы қолдау көрсетiп келедi. Мемлекет деңгейiндегi жүйелi шаралардың нәтижесiнде тәуелсiз елiмiздiң мүддесi мен баянды болашағына қыз­мет ететiн ұлттық баспасөзiмiз қалып­тасты. Ширек ғасыр iшiнде Қа­зақстан журналистикасы қоғам­дағы татулық пен бiрлiктiң ұйыт­қысы, биiк парасат пен адамгер­шiлiк құндылықтарды халыққа жеткiзушi қуатты құралға айналды, – деді Мемлекеттік хатшы. Сондай-ақ, Г.Әбдіқалықова бұқаралық ақпарат құралдары мем­лекетiмiздiң iргесi берiк, келешегi кемел болуына, ең бас­тысы, ел дамуының маңыз­ды құжаттарының бiрi «Қазақ­стан-2050» Стратегиясының лайық­ты iске асырылуына атсалысып келе жатқандығына назар аударды. Отандық журналистика саласы заманға сай ақпараттық технологияны, интернет әлемiн игеру арқылы жаңа белеске көтерiлгендігін айрықша атап өтті. Осы бағытта жемісті еңбек етіп жүрген журналистерге мемлекет қолдау көрсетіп, оларды ынталандыруға мүдделілік танытып отырғанын білдірді. – Отандық ақпарат кеңіс­тігін өрістету жөніндегі маңызды шара­ның бірі өз кәсіби деңгейін ұдайы арттырып келе жатқан журналис­тер мен шығармашылық ұжым­дарды ынталандыру болып табылады. Шеберлігін, талантын бүкіл қоғамның игілігі жолында барынша жарқыратып көрсеткен баспасөз өкілдерін Мемлекет бас­шы­сының арнаулы марапаттары­мен атап өтеміз, – деді Г.Әбді­қалы­қова. Сонымен, еліміздегі журналис­тика саласында ең жоға­ры ма­рапатқа ие болған журналистерді марапаттау рәсіміне де кезек келіп жетті. Мемлекет басшысының өкімімен Президент сыйлығы «Түркістан» газетінің бас редакторы Шәмшидин Әшенқожаұлы Паттеевке, «Казахстанская правда» республикалық газеті саясат бөлімінің редакторы Владимир Геннадьевич Курятовқа берілді. Іргетасын Қалтай Мұха­мед­жанов қалаған «Түркістан» газеті ел тәуелсіздігін тұғырлы ету жолында жемісті еңбек етіп келеді. «Басылым бас редакторына тартады» (Камал Смайылов) демекші, Ш.Паттеевтің редакторлық қол­таңбасы апталықтың ғана емес, қазақ журналистикасының дамуына өзіндік үлес қосқан­дығынан көзіқарақты оқырман хабардар. Ал, Владимир Курятов болса, «Казахстанская правда» газетінде Елбасының шетелдік сапарларынан жазған жазбаларымен оқырманға кеңінен таныс. Ел тәуелсіздігінің мерейтойы жылындағы бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы гранттар «Хабар» агенттігі акционерлік қоғамының тілшісі Мұхтар Сейіт­қасымұлы Ибраймовқа, «Сво­бода слова» қоғамдық-саяси апта­лығының тілшісі Вера Андреевна Ляховскаяға тапсырылды. Жас журналистердің ұшқыр талабы мен ізденісі олардың еңбегін жоғары деңгейде бағалауға лайық деп танылды. Қазақстан Президентінің ал­ғыстары «Дойче Альгемайне Цай­тунг» газеті, «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серік­тестігі, «Қазақ радиосы» радио­стан­сасы және «РИКА-ТВ» теле­ко­м­­паниясы шығармашылық ұжымдарына жарияланды. Отан­дық журналистиканың ұпайы ұжымның әлеуеті арқасында түгенделетіні сөзсіз. Ендеше, Ел­басының алғысына ие болған шығармашылық ұжымдардың еңбегі соның дәлелі. Айтпақшы, биыл ақшалай жүлденiң жалпы қоры 8 млн. 485 мың теңгенi құрады. Президент сыйлығының лауреаттарына 3 млн. теңгеден және алтын төс­белгi, ал грант иелерiне 1 млн. 242 мың теңгеден тағайындалды. Шәмшидин Паттеев, «Түр­кіс­тан» газетінің бас редак­торы, Қазақстан Президенті сыйлы­ғы­ның иегері: – Тәуелсіздігіміздің 25 жыл­дығында, осындай үлкен маңызды жылы маған сенім білдіріліп, Президенттің сыйлығы беріліп отыр­ғанына шын мәнінде қуа­ныш­тымын. Бұл біздің газетке деген үлкен сенім деп ойлаймын. Бола­шақта да осы ақпарат саласында еселі еңбек етіп, сенімді ақтауға тырысамын. Мұхтар Ибраймов, «Хабар» ар­насының тілшісі, Қазақстан Президенті грантының иегері: – Тәуелсіздіктің 25 жыл­ды­ғы­ның қарсаңында, қасиетті Рама­зан айында осындай үлкен мара­патқа ие болу, Елбасы грантын алу – мен үшін зор мәртебе, үлкен қуаныш. Бұл еңбектің елен­гені, жұмыстың бағаланғаны деп бі­лемін. Жалғыз менің емес, үлкен шы­ғар­машылық ұжым – «Хабар» агент­тігінің жемісі, жеңісі. Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»