04 Ақпан, 2011

Мемлекет мүддесі қашанда жоғары

438 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Елбасымыздың дәстүрлі Қа­зақстан халқына Жолдауының еліміз тәуелсіздігінің 20 жыл­дығы жылы салмағы арта түсе­тіні анық. Елбасымыздың сын­дарлы саясатының арқасында 20 жыл ішінде Қазақстан әлем­дегі дамушы мемлекеттер қата­рына қосылды. Биылғы Жолдау халықтың әл-ауқатын жақ­сар­туға, әлеуметтік-экономикалық дамуға арналып отыр. Қазақ­станның дамыған 50 елдер қатарына қосылу  бағдар­лама­сы жүзеге асып  қазіргі уақытта бизнес климаты жоғары 183 мемлекеттің арасында 59 орын­ға тұрақтады.  Бүгінгі еліміз­дің индустрияландыру бағдар­ламасы бойынша  елімізде шикізат өндіретін көптеген зауыт­тар салынды.  Бизнес саласы оның ішінде кәсіпкерлікті да­мы­ту, шағын және орта бизнесті қолдауды жүзеге асыру шарасы бойынша да көптеген нақты міндеттемелер  белгіленді. Мен «Нұр Отан» партиясы­ның мүше­сі ретінде Елбасы­мыз­дың алды­мызға қойған барлық міндеттемелерін сапалы әрі уақ­тылы орын­дауға бар күш-жіге­рімді сала­мын. Барша әріптес­терімді кемел келешекті құру жо­лындағы келелі жоспарды орын­дауға атса­лысуға шақырамын. Елбасымыз өз Жолдауында шағын кәсіпкерлікті несиелендіру барысында әсіресе ауылды жерлерде мал шаруашылығын дамытуға баса назар аударуды тапсырды. Ауылдық жерлердегі тұрғындардың біздің мекемемізден мал шаруашылығын дамы­туға несиелер алуына бар мүм­кіндікті жасайтын боламыз. Ауыл – елдің алтын бесігі. Мал сатып алу арқылы өзінің әл-ауқатын, тұрмыс деңгейін жақ­сартып алуға бұл таптыр­мас мүмкіндік екендігі шын­дық. Елбасымыздың дара сая­са­ты, дана басшылығы арқа­сында еліміз 2010 жылы то­лағай табыстарға жетті. Астана төрінде ЕҚЫҰ Саммитін өткізіп, әлем елдерінің ал­дын­да Қазақ­станның береке мен бірлікті сүйетін бола­шағы кемел, болжамды, бағ­дарлы, саяси тұрақты мемлекет екендігіне көздерін жеткізді. «Біз Елбасымен біргеміз» ұраны жалпы қазақ­стандықтардың басты ұраны болуы керек. Сонымен қатар, Елбасымыз­бен бірге тәуелсіз­дігіміздің 20 жылдығын, одан кейінгі мерейтойларын да қарсы алуымыз керек деп есептеймін. Барша жерлестерімді Елбасымыздың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешімін қолдауға және дауыс беруге шақырамын. Бұл кемел келешекті, жарқын өмірді таңдау болып табылады. Мақсатбай СЕРІКБАЕВ, «Нұр Отан» ХДП Ақмола облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі, Егіндікөл аудандық кәсіпкерлер ассоциациясының төрағасы, «Егіндікөл экспресс-кредит» ШНҰ директоры.