Алдағы жылдары елімізде қабылданған «Өңірлерді дамыту-2020» бағдарламасы аясында облыста 226 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылмақшы. Біздің аймақта осы жылғы бағдарламаға енген 20 ауылдың арасында Тақыр да бар екен. Баймолдин ауылдық аумағына қарасты Тақыр, Тереңкөл, Баймолда ауылдарында 747 адам, бар-жоғы 232 отбасы тұрады.
– Мал-жан аман, енді геологтар жер қазып, су шығарып береміз деген еді, оны, әрине, қуана, асыға күтеміз. Ауылдарға ең керегі су мен жол ғой, сонда халық орнығып осы жерлерде қала береді, – дейді ауыл тұрғындары.
Ал бұған Тақырдың су қорын зерттеуге келген «Павлодар гидрогеология» ЖШС геолог мамандары тереңдігі 50 метр шамасында неогенді су белдеу деңгейі, ал тереңдігі 200 метрге дейінгі қабатта палеогенді су белдеу деңгейінде су қоры бар деп жақсы мәлімет беруде. Гидрогеологтар Тақырдың су қоры 25 жылға жетеді деп болжайды. Ұңғыма секундына 12 литр су бермекші. Ауылдың оған деп қажеттілігі секундына 4 литрді құрайды деп есептеп, жобалап та қойыпты.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, жерасты сулары қорын барынша пайдалану мақсатында тұщы су көздерін зерттеу жұмыстары қолға алынды. Бүгінде 396 ауылдың 110-ында жерасты су қоры бары анықталыпты. Сондай-ақ, Ақтоғай ауданының – 5, Екібастұздың – 7, Ақсудың 3 ауылына жаңа бағдарлама бойынша жерастынан су шығарылып беріледі деп күтілуде. Ал басқарма мамандары ұңғыманы қазу және зерттеу ұзақ уақыт жүргізілетіндіктен, барлау жұмыстарын 2017 жылдың соңында бітірмекші.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Павлодар облысы,
Лебяжі ауданы

Айсәуле Қанаханың жұмбақ өлімі: Қылмыстық іс аясында дропперлерден жауап алынды
Қылмыс • Бүгін, 12:13
Елімізде 30 теміржол вокзалы жаңартылды
Логистика • Бүгін, 12:02
Жолаушы Каспий теңізінің үстінде ұшақтың есігін ашпақ болған
Әлем • Бүгін, 11:48
Петропавлда имамның ақшасын ұрлаған бойжеткенге сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 11:45
Түркістанда автокортеж ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды
Оқиға • Бүгін, 11:37
Тұрғын үй маңына көлік қоюға тыйым салынады деген ақпарат жалған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 11:11
Жүргізушісіз такси: Алматы мен Астанада жаңа көлік қызметі енгізіледі
Технология • Бүгін, 11:07
Көші-қон заңнамасын бұзған 1 000-нан астам адам елден шығарылды
Заң • Бүгін, 10:55
«Елімай» – «Ордабасы» ойынына төрелік еткен Арман Есмұратов қамауға алынды
Футбол • Бүгін, 10:43
«Әділет» партиясының атынан жалған аккаунт пен парақшалар ашылған
Саясат • Бүгін, 10:40
Қазақстанда 1990 жылдары жасалған ауыр қылмыстардың беті ашылды
Оқиға • Бүгін, 10:22
Әлем чемпионаты: Иран мен Жаңа Зеландия тең түсті
Футбол • Бүгін, 10:05
Шымкент тұрғыны анасынан қалған мұраны қайтару үшін бауырларымен соттасты
Аймақтар • Бүгін, 10:04
Ливанда Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны артты
Әлем • Бүгін, 09:19
Спорт • Бүгін, 09:00