29 Маусым, 2016

Сенім грамотасын тапсырды

221 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Саржанов Бразилия Федеративтік Республикасы президентінің міндетін атқарушы Мишель Темерге Сенім грамотасын тапсырды. Кездесу барысында сұхбаттастар екіжақты қарым-қатынастарды да­мы­тудың перспективаларын талқылады. Қ.Саржанов еліміздің Бразилиямен машина жасау, металл өңдеу, мұнай және мұнай химиясы өнеркәсібі сала­ларында ынтымақтастықты нығай­туға, сондай-ақ, бразилиялық инвес­тициялар мен жаңа технологияларды тартуға мүдделі екенін жеткізді. Елші екіжақты сауда айналы­мының құрылымын ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласын­да ынты­мақ­тастықты дамыту мүм­кін­дігі мол екенін атап өтті, оның ішінде Қазақстан аума­ғында ет, сүт шығаратын бірлескен кәсіпорындар құру, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы өнімдерін заманауи технологияларды қолдану арқылы өңдеу бойынша тәжірибе алмасу сияқты мәсе­­ле­лерге назар аударылды. Соны­мен бірге, ол еліміздің әуе байланы­сы құ­рамында Бразилияның «Ем­браер» компаниясының 12 жолаушы ұшағы­ның бар екеніне байланыс­ты Қазақ­стан­да авиациялық-техникалық орта­лық ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Елші Астанада ЭКСПО-2017 ха­лық­аралық мамандандырылған көр­месін өткізуге дайындық жұмыстары белсенді жүргізіліп жатқанына ерекше назар аударып, Бразилияның қатысуы туралы ресми растау құжатын жі­беру мәселесін және «ЭКСПО» Ко­миссарын тағайындау рәсімін тездетуге шақырды. Бразилияның «Итайпу Бинасионал» компаниясы ЭКСПО-2017 алаңында ұлттық павильон ашу мәселесінде Бразилия үкіметіне қаржылық көмек көрсетуге дайын отыр екен. Қ.Саржанов Қазақстанда «Нұр­лы Жол» бағдарламасы мен Бес инс­титуттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары негізінде қоғамды дамыту мен экономиканы әртараптандыру бойынша атқарылып жатқан жұ­мыстар, инвестициялық климатты жетілдіру бағытындағы іс-шаралар, жекешелендіру үдерістері туралы хабарлады. Сондай-ақ, елші Қазақстан Президентінің бітімгерлік бастамасы – «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің не­гізгі қырлары туралы баяндады. Өз кезегінде М.Темер Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан халқының игілігі үшін жасап келе жатқан жұмысында табыс ті­леді. Дүниежүзінің саясат сахнасында Қазақстанның беделі өсе түсіп отырғанын атап өтіп, Бразилияның елімізбен барлық салада өзара ықпал­дасуға дайын екендігін білдірді және екі жақтың сауда-экономикалық әлеу­етін белсенді ете түсуге  барлық мүмкін­шіліктер бар екенін мәлімдеді. «Егемен-ақпарат»