Республиканың қоғамдық, экономикалық, әлеуметтік-тұрмыстық, мәдени өмірінің айқын айнасы, бет-бейнесі болып келе жатқан бас басылымның бедел биігінің жоғарылауына ұйымшыл ұжымның қосып отырған үлесі де зор. Күндіз-түні, қысы-жазы жарғақ құлағы жастыққа тимей, жанын салып жүретін егемендіктердің еселі еңбегі төл мереке қарсаңында еленді. Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай «Егемен Қазақстан» газетінің бір топ қызметкері түрлі марапаттарға ие болды.
Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Құрмет грамотасымен газеттің фототілшісі Ерлан Омаров, бет қаттаушы Әсел Алтышева, корректор Ақбаян Сназарова марапатталды. Ал, «Нұр Отан» партиясының БАҚ саласы бойынша жыл сайын ұйымдастыратын сайысында «Егемен Қазақстанның» Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі Оралхан Дәуіт топ жарды. Ол «Нұр Сұңқар» жүлдесінің иегері атанды.
«Егемен Қазақстанның» меншікті тілшілері өңірлердегі өткір де өзекті мәселелерді газет бетінде ұдайы көтеріп келеді. Осындай еңбегі еленген тілшіміздің бірі – Солтүстік Қазақстандағы Өмір Есқали. Ол Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісіне және Журналистер одағының «Қазақстанның құрметті журналисі» атағына ие болды. Сондай-ақ, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталғандардың қатарында, газеттің шолушысы Анар Төлеухан да бар. Меншікті тілшілеріміз Нәзира Жәрімбетова мен Бақберген Амалбек Қостанай және Ақмола облысы әкімдерінің бұқаралық ақпарат құралдары үшін арнайы тағайындаған бас жүлдесіне ие болды. Сондай-ақ, фототілшіміз Ерлан Омаров Қазақстан Журналистер одағының Рахымбай Ханалиев атындағы сыйлығымен марапатталды.
«Егемен Қазақстан» газетінің ардагері, Қарағанды облысында меншікті тілші болып қызмет еткен қарымды қаламгер Айқын Несіпбай «Мамандыққа адалдық» аталымы бойынша Қарағанды облысы әкімінің «Алтын сұңқар» сыйлығының иегері атанды.
Әріптестерімізді осындай зор табыстарымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық биіктерден көріне беруіне тілектеспіз.
«Егемен-ақпарат»

Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше
Әлемдік экономиканың жаңа картасы: Қазақстан қай орында?
Экономика • Кеше