04 Ақпан, 2011

Шаңғымен спорттық бағдарлау

645 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
АЛТЫННЫҢ СЫҢҒЫРЫ АЛЫСТАН ЕСТІЛЕДІ Кеше ұзақ қашықтыққа жүгі­ру­дің жеңімпаздары анық­талды. Олар – Азия ойын­дары­ның үш дүркін чемпионы атан­ған Ольга Новикова мен Михаил Сорокин. Ерлер арасында Сорокин қа­шық­тықты 58 минөт 6 секөнтте жүріп өтсе, екінші болып мәреге одан 8 минөт 4 секөнт арта қалған  Алексей Немцев келді. Ал чемпионнан 15 минөт 50 секөнтке кеш келген Герелт-Од Баяраа үшінші орынды қанағат тұтты. Әйелдер арасында Евгения Кузьмина күміс жүлдегер атанды. Ол жеңімпаздан 17 минөт 19 секөнтке кешігіп, қа­шықтықты жүріп өтуге 1 сағат 10 минөт 18 секөнт жұмсады. Үшін­ші орынды оңтүстіккореялық Ким Дж Юн алды. Оның нәтижесі: 1 сағат 12 минөт 56 секөнт. Бұған дейін Новикова мен Сорокин спринтерлік сайыс пен орташа қашық­тық­тағы жарыста жеңген болатын. Биылғы Азиадада бағдар­лаушы­ларға тағы екі старт қарастырыл­ған. 5 ақпан күні ерлер мен әйелдер арасында эстафеталық жарыстар өтеді. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ.