Қытайда өз үйінен қашып, бір апта бойы интернет клубтан шықпаған 19 жастағы жігіт мүгедек болудың аз-ақ алдында қалды. Дәрігерлердің айтуынша, ол осы уақыттың бәрінде ойын ойнап, қозғалыссыз отырғандықтан, екі аяғы іріңдеп кеткен.
Бірнеше күн ас ішпей, орнынан да тұрмай, компьютерге тәуелді болған бозбаланы жұрт теміржол маңайында есін білмей, құлап жатқан жерінен тауып алған. Оны көргендер тіпті, үйсіз-күйсіз жүрген қаңғыбас адам деп ойлап қалған көрінеді.
Ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру мен компьютердің зардабы өтіп кеткендіктен, аяғындағы инфекция денеге таралып кетсе, өмірімен қош айтысуы мүмкін болар еді. Бірақ ақ халаттылар дер кезінде көмек көрсетіп үлгерген.
Құмар ойынға тәуелділіктен бүгінде қайтыс болып жатқандар аз емес. Мәселен, өткен жылы дәл осы Аспанасты елінде 19 сағат бойы компьютердің алдында телміріп отырған жасөспірім тіл тартпай кеткен.
Ал Башқұртстанда 2015 жылы тамыз айының соңында 22 күн бойы үздіксіз ойын ойнаған 17 жасар бала қайтыс болды. Мәліметтерге сәйкес, ол 2014 жылдан бері компьютерге 2 мың сағат уақытын жұмсаған. Ата-анасы үйде болмаған кездері ескі әуеніне басып, тек ұйықтап алу үшін ғана үзіліс жасаған.
Аян ӘБДУӘЛИ,
«Егемен Қазақстан»

Спорт • Бүгін, 09:00
«Неміс машинасын» тоқтату қиын
Футбол • Бүгін, 08:58
17 маусым күнгі кесте: Месси мен Мбаппе ойынға қосылады
Спорт • Бүгін, 08:55
Қоғам • Бүгін, 08:53
Инфрақұрылымды жаңғыртатын ұлттық жоба
Шымкент • Бүгін, 08:50
Әлем үздіктері Ақтөбеде бас қосты
Шахмат • Бүгін, 08:48
Инвестиция Ұлытаудың өркендеуіне серпін береді
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Әлеуметтік нысандар құрылысы қарқын алды
Шымкент • Бүгін, 08:43
Ғылым • Бүгін, 08:40
Алаш қозғалысын қолдаған тұлға
Тұлға • Бүгін, 08:38
Зерде • Бүгін, 08:35
Өнер • Бүгін, 08:33
«Ақырғы аманат» және Ораз мерген
Кино • Бүгін, 08:30
Жалған басшы: ІІМ алаяқтықтың жаңа схемасы бойынша ескерту жасады
Заң • Бүгін, 08:29
Ғылым • Бүгін, 08:28