29 Маусым, 2016

Әскери авиаторлар ант қабылдады

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ақтау қаласындағы авиациялық базада мерзімді қызметке қабылданған жас сарбаздар Отан алдында адал болу үшін ант қабылдады. Олар мұнда әскери қызметін өткеру үшін Атырау облысынан келді. Ант қабылдау арнайы бағ­дарламадан, атап айтқанда, Конституцияны, Қазақстан Рес­пуб­ликасын қорғау мәселесі туралы заңнаманың талаптарын зерделеуден басталды. «Сендердің алдарыңда армия­ның қауырт күндері тұр, әскери істі ізденіспен үйреніңдер, өжет, ержүрек болыңдар, ең бастысы – бірліктерің мықты болсын. Бір-біріңді қолдап, қол ұшын беріңдер,  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі атағына лайықты абыроймен қызмет атқа­рыңдар», – деді Әскери-әуе күш­тері қолбасшысының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Еркін Жұмағалиев. Іс-шараға Қарулы Күштердің ардагерлері, жас сарбаздардың туыстары мен жақындары келді. Сонымен қатар, жас сарбаздарды бөлім басшылығы, туыстары мен достары құттықтады. Ант қабылдаудан кейін туыс­тары мен жақындарына сар­баз­дардың қызмет өткеретін жағ­дайын таныстыру үшін оқу-жаттығу корпусы, казарма, асхана, спорт залы көрсетілді. Аталған іс-шараның есте қаларлығы арнайы мақсаттағы бөлімшенің қоян-қолтық күрес тәсілдерін көрсеткен сәті бол­ды. 30153 әскери бөлімінің бас­шылығы жас жауынгерлер Отан алдындағы борышын абыроймен атқаратындығын және бір жылдан соң аман-есен елге оралатындығын зор сеніммен айтты. «Егемен-ақпарат»