30 Маусым, 2016

Тынық мұхитқа қоқыс тазалайтын сүзгі орнатылады

384 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_49142" align="aligncenter" width="700"]160630-ocean Фото: inform.kz[/caption] Тынық мұхитқа оның акваториясын пластик қоқыстардан тазалайтын арнайы сүзгі орнатылды. inform.kz-тің хабарлауынша, жаңа жобаны 22 жастағы голландиялық зерттеуші Боян Слэт ұсынған. Мұхиттық ағыстарға кесе-көлденең жүз шақырымдық бөгеттер орнату көзделген. Олар бір-біріне байланған үрлемелі қапшықтардан тұрады. Жаңа туынды қоқысты бір жерге жинап, кейін ол қайта өңдеуге жіберіледі. Мамандардың есебі бойынша, жыл сайын Тынық мұхитқа 8 миллион тонна пластик қоқыс түседі екен. Ол негізінен Калифорния мен Гавай аралдары арасындағы 5 жерде шоғырланған. Бұған мұхит ағыстарының иірілуі себеп болып отыр. Қазіргі таңда осы бөгеттің кішірейтілген түрі орнатылған. Оның ұзындығы 100 метр ғана. Ал мұхитқа алып бөгеттер орнатпас бұрын оны жиі дауыл соғатын, сол сияқты ағысы қатты Солтүстік теңізде сынақтан өткізбек. Аян ӘБДУӘЛИ.