30 Маусым, 2016

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

407 рет
көрсетілді
28 мин
оқу үшін
терентьев. фото предоставлено пресс-службой НБ РКРеттеушіге хат Ұлттық Банк қаржылық қызметтерді тұтынушылар өтініштерінің мазмұнына талдау жасады Қазақстан қаржы жүйесінің қалыптасуына, қаржылық қызметтер түрлерінің кеңеюіне және қиындауына қарай азаматтардың реттеушіге жазатын өтініштерінің мазмұны да өзгерді. Егер 2004-2005 жылдары тұтынушыларды қаржылық қызметтердің талаптары, кеңестік кезеңдегі салымдардың өтемақысы көбірек толғандырса, 2007 жылдан бастап қаржы ұйымдарының әрекетіне шағымдар көбейе түсті. Бұл – өтініштердің көлемді мұрағатын зерделеу қорытындысы бойынша Ұлттық Банк мамандары жасаған қорытындылардың бірі. Бұл жайында толығырақ ҚР ҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының басшысы Александр ТЕРЕНТЬЕВПЕН әңгімелессек.  – Қаржы нарығын реттеушінің негізгі функцияларының бірі – қаржылық қызметтерді тұтынушылардың мүддесін қорғау. Александр Леонидович, азаматтарымыз мұндай мүмкіндікті қаншалықты жиі және қандай жағдайларда қолданады? – Заңдылық айтпаса да түсінікті: қаржылық қызметтерді тұтынудың өсуіне қарай Ұлттық Банкке келіп түсетін өтініштердің ағыны да арта түсті. Реттеушіге келіп түскен өтініштер­дің көпшілігі заңнаманың бұзылуы ма немесе шарт талаптарының бұзылуы ма, ол анықталмағанын атап өтемін. Соған қарамастан өтініштердің көпшілігі, бір жағынан, азаматтардың алатын қаржылық қызметтердің салдарлары мен тәуекелдерін жете түсінбейтінін көрсетсе, екінші жағынан, қаржы ұйымдарының өздерінің түсіндіру жұмысын жеткілікті түрде жүргізбейтінін білдіреді, сондай-ақ заңнаманың жекелеген нормаларының жетілдірілмегенін көрсетеді. – Бұл фактіге реттеуші, ең бастысы, заң шығарушылар көз жұма қарамағанын біз білеміз. Заңнамадағы негізгі олқылықтар қай жерде анықталды? – Жүйелі сипаттағы өтініштердің себеп­теріне жасалған талдау қаржылық қыз­мет­тер­ді тұтынушылардың құқықтарын қо­рғау сала­сындағы негізгі қағидаттар мен тұжы­рым­да­малық тәсілдерді әзірлеуге мүмкіндік берді. Мәселен, 2007 жылға дейін сақтандыру сек­торы бойынша өтініштердің өсуі байқалды. Олар­дың үлесі өтініштердің жалпы санының 35%-на дейін жетті. Олар көбіне сақтандыру ұйым­дары мен бағалаушылардың жосықсыз қыз­метіне ықпал еткен көлік құралдары иелері­нің АҚЖ міндетті сақтандыру мәселе­леріне қатысты болды. Тиісті түзетулер мен өзгерістер де енгізіл­ді. 2007 жылғы 7 мамырдағы заңмен осы ол­қы­лықтарды жоятын нормалар да енгі­зіл­ді. Олардың кейбірін еске түсіре кетейін. Сақтандыру компанияларының 3 күн­дік мерзімде өтініш берушілерге сақтан­дыру төлемі туралы мәселені қарау үшін жеткіліксіз құжаттар туралы хабарлау міндеті көзделген. Бағалауды ұйымдастыру тәртібі жетіл­дірілді, мәселені тікелей реттеудің тәр­тібі мен талаптары белгіленді. Сонымен қатар, сақтандыру омбудсманы институты құ­рылды. Осы шараларды қабылдау нәтиже­сінде сақтандыру секторының атына келіп түсетін өтініштер саны қысқарды және бұл көр­сеткіш өтініштердің жалпы санының 4%-нан аспайды. Ал шағымдардың көпшілігі ерік­ті сақ­тандыру түрлерімен байланысты болды. – Ғаламдық қаржы дағдарысының басталуымен шағымдардың көпшілігінің «фигуранттары» банктер болғаны біздің бәріміздің есімізде. Тұрмыстық деңгейде бұл түсінікті де: бұрын берілген кредиттерге қарыз алушылардың шамасы жетпейді. Оның себебі де әртүрлі. Ал талдаушылар бұл жайында не дейді? – 2008 жылдан бері, расында да, банк секторы бойынша өтініштер санының өсуі байқалды. Қазір банктерге қатысты шағымдар өтініштердің жалпы көлемінің 68%-ын құрайды. Бұл 2015 жылғы 6480 өтініштің 4 407-сі! ҚР ҰБ мамандары банк қарызы шарттары тараптарының құқықтары мен мүдделерінің арасындағы анық теңгерімсіздікті анықтады. Атап айтқанда, шарттардың талаптары қарыз алушылардың міндеттері мен банктердің шектеусіз құқықтарына қатысты болды. Шарттардың талаптарын, оның ішінде сыйақы мөлшерлемелерінің көлемін банктер­дің біржақты өзгерту, қосымша комиссияларды енгізу және/немесе қолданыстағы комиссияларды ұлғайту, шетел валюталарының бағамдарына қатысты төлемдерді индекстеуді банктер үшін тиімді жағдайларда ғана қолдау мүмкіндігін қоса алғанда қатысты болды. Кредит дүрбелеңі кезінде кредиттерге қол­жетім­ділік те сондай-ақ берешекті уақ­ты­лы өтеуге мүмкіндіктің болмауы туралы өтініш беруге себеп болды. Банктер сол кезде қарыз алушылардың төлем жасау қабі­­летіне қойылатын талаптардың шегін төмендету есебінен қаржылық мүмкіндіктері міндеттемелерге қызмет көрсетуге мүмкіндік бермеген азаматтарға қарызды барынша көбірек беруге тырыса отырып, шетелден барынша арзан ресурстарды қарызға алғаны белгілі. Сонымен қатар, банктердің кредит­тердің талаптары мен олардың құнын ашып көрсетуінің тиісті деңгейі болмады. Қарыз алушылардың борыштық жүкте­ме­сінің ұлғаюына сондай-ақ: банктердің про­блемалық қарыз бойынша шараларды уақтылы қабылдамауы; қарыздың негізгі борышына қатысты сыйақыны, айыппұл мен өсімпұлды өтеудің басымдығы себепші болды. Яғни, мерзімі өтіп кеткен кезде бірінші кезекте өсімпұл, одан кейін сыйақы және соңғы кезекте негізгі борыш бойынша берешек өтелді. Ұлттық валютаның бағамын түзету де тиісті рөл атқарды. – Осы өткір мәселелер жүйелі және маңызды түрде шешілді. Сондай-ақ, нарық­тың барлық қатысушыларының өкіл­дерін тарта отырып. Нәтижесінде заңнама қаржылық қызметтерді тұтыну­шы­лардың құқықтарын қорғау тұрғысы­нан алғанда қаншалықты өзгерді? – Айтарлықтай өзгерді деп айтуға болады. Анықталған кемшіліктер мен теңгерімсіздікті түзету үшін 2006 жылдан бастап банктер клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау деңгейін арттыру жөнінде бірқатар нормалардың қабылданғанын еске саламын. Мәселен, есептеу әдістемесі қабылданды және банктердің қарыздар мен салымдардың жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі деп аталатын нақты құнын ашып көрсету туралы талаптар белгіленді. Одан кейін қарыздар/салымдар шарттарында ЖТСМ көрсету міндеті енгізілді. Бұл клиенттерге барлық ықтимал шығысты есептей отырып, кредиттер мен депозиттердің нақты құнын бағалауға, бірнеше банктің осындай өнімдерінің құны мен талаптарын салыстыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ 2008 жылы қазанда заңнамалық деңгейде банктердің жеке тұлғалармен жасалған қарыз шарттарына қызмет көрсету бойынша сыйақылар мөлшерлемелердің мөлшерін, тарифтердің, комиссиялардың және басқа да төлемдердің мөлшері мен есептеу тәртібін біржақты өзгертуіне тыйым салынды. Жеке тұлғамен жасалған банктік қарыз шартында сыйақының белгіленген немесе өзгермелі мөлшерлемесін белгілеу туралы талап енгізілді; мөлшерлемені есептеу тәртібі айқындалды, мұнда базалық көрсеткіш ретінде ҚР ҰБ қайта қаржыландыру мөл­шер­лемесі айқындалды. Қабылдаған нормалармен тартылатын ресурстар қымбаттаған кезде банктердің тәуекелдерін қарыз алушы­лар­ға аударып тастау, сондай-ақ қарыз алу­шы­ларға қатысты емес себептер бойынша борыш­тық жүктеменің ұлғаю тәуекелі алып тасталды. 2011 жылы ипотекалық кредиттерді құқық­тық реттеу және кепілге салынған мүлікті сот­тан тыс өткізу кезінде анықталған олқы­лық­­тар реттелді. Бірқатар маңызды норма­лар қа­был­данды. Атап айтқанда, кепіл беру­ші жеке тұлғадан жазбаша бас тарту болған кез­де кепілге салынған мүлікті соттан тыс өт­кізу­ге тыйым салу, сондай-ақ МҚҰ мен кре­­дит­­тік серіктестіктердің кепілге салынған тұр­­ғын үйді соттан тыс өткізуге тыйым салу енгізіл­ді. Банктік салым шарттары бойынша жаңа ко­мис­сияларды енгізуге тыйым салынды. Банк­­тер­дің бірқатар міндеттері де көзделді. Оның ішінде – кепілдің қалған объектілерінің құны жеткілікті болған кезде қарыздың өте­луіне қарай кепіл объектілерін босату. Банк­­тік салым шарттарын ресімдеуге және маз­мұ­ны­на, шарт алдындағы негізде толық консуль­та­циялар беруге қойылатын талаптар айқындалды. Бұл тізбе ауқымды және әлеуетті ипотека алушы осы ережелермен таныса алады. Барлық құжаттар ҚР ҰБ сайтында кеңінен қолжетімді. – Заң шығарушылардың түзетулердің үлкен блогын қабылдау жұмысы практикада қалай орын алды, шағым-талаптар, келіспеушіліктер, даулар азайды ма? – Өкінішке қарай. 2011 жылдан кейін, түзетулер күшіне енген кезде, өтініштерді жүйелі түрде талдау қарыз алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту бойынша жүйелі шаралардың қосымша кешенін қажет ететін мәселелердің болуын растады. Сондықтан 2015 жылдың аяғында заңна­маға теңдессіз түзетулердің үлкен блогы қабыл­­дан­ды. Олар қарыз алушылардың борыш­­тық жүктемесін төмендетуге, сол сияқ­ты бола­шақ­та қарыз алушылардың міндет­темелерінің сырт­қы факторларға тәуел­ділігін алып тастауға бағыт­талды. Қабыл­данған заң – оны қысқаша айт­қанда Жұмыс істемейтін кредиттер туралы заң деп атайды – ағымдағы жылдың басында күші­не енген бірқатар шараларды көздейді. Атап айтқанда, заңда шетел валютасымен кіріс­тері жоқ жеке тұлғаға шетел валютасымен ипо­те­ка­лық қарыздар беруге тыйым салу көзделген. Ипотекалық тұрғын үй шарты бойынша міндеттемелердің мерзімі өткен соң 180 күннен кейін есептелген сыйақы мен тұрақ­сы­з­дық айыбын талап етуге тыйым салу; сон­дай-ақ осындай қарыз бойынша негізгі борышқа сыйақы мен тұрақсыздық айыбын капиталдандыруға тыйым салу енгізілді. – Жаңа түзетулер толығымен күшіне енді ме? – Кейбір нормалар ағымдағы жылғы 1 шіл­деден бастап қолданыла бастайды. Мысалы, 90 күннен астам мерзімі өткен қарыз бойынша жоғары тұрақсыздық айыбын (өсімпұл мен айыппұл) есептеуге тыйым салу ретіндегі норма. Норманың кері күші бар. Жоғарыда көрсетілген күннен кейін төленбеген өсімпұл болған кезде ол жаңа талаптарға сәйкес қайта есептеледі. Бұл нақты түрде қарыз алушының тұрақсыздық айыбы бойынша күнделікті төлемін 10 еседен астам төмендетеді. Сонымен қатар, қарыз алушының ақша жеткіліксіз болған кезде мерзімі өткен негізгі борышты және сыйақыны бірінші кезекте өтеу құқығы көзделген және оның төлем қабілет­тілігі ұзақ болғанда – тұрақсыздық айыбы мен айып­пұлдарды соңғы кезекте өтеу құқығы көз­делген. Түзетулердің бұл блогы барынша үлкен және олармен ашық түрде танысуға болады. 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыз алушылар үшін тағы бір маңызды норма күшіне енеді – қарыз алушы жеке тұлғаның шотынан шотта тұрған және/немесе түсетін сомадан 50%-дан аспайтын ақшаны өндіріп алуға шектеу қою. Заң бірқатар заң аясындағы актілермен нығайтылады. Олар мәселенің практикалық жағына қатысты. Мысалы, банктік қарыздар және микрокредиттер бойынша жүйелі төлемдерді есептеу әдістемесі. Комиссиялар мен төлемдердің толық тізбесі айқындалды, банктер және ХҚҰ оларды қарыздар беру және қызмет көрсету кезінде қарыз алушылардан өндіріп алуға құқылы. Егер бұрын банктерге кредиттердің құнын айтарлықтай қымбат­тататын түрлі комиссиялар мен төлем­дерді белгілеуге шектеу қойылмайтын болса, енді олар 11-ден астам комиссия және өзге төлемдер ала алмайды. Бұдан басқа, жасырын түрде қосымша сыйақы мөлшерлемесі болып табылатын қарыздарға қызмет көрсетуге комиссия алу құқығы толық алып тасталды. Сонымен қатар, нарыққа шығарылған өнімдерге талдау жүргізу мақсатында қаржы ұйымдарының және ХҚҰ-ның осындай өнімдердің белгіленген тізбесіне сәйкес жаңа өнімдерді нарыққа шығару туралы реттеушіге хабарлау міндеті белгіленген. Бұл қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүд­делерін бұзушылықтардың ықтималды­лығын біршама қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша, қазіргі кезде клиенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселеле­рін­дегі банк қызметі көбінесе халықаралық құзыретті органдардың ұсынымдарына сәйкес келеді және қаржы секторының барынша үстеме реттелген бөлігі болып табылады. Ағымдағы жылдан бастап басқарма қыз­­меті сақтандыру қызметі нарығында клиен­т­­­т­ер­ді қорғау жүйесін күшейтуге жұ­мыл­­­ды­­ры­лады. Атап айтқанда, сақтандыру өнім­­дерінің талаптарын зерттеу, реттеудегі кем­шіліктерді анықтау, сондай-ақ нарыққа қаты­су­шылармен бірлесе отырып өнімдерге талап­тарды әзірлеу мақсаты болып табылатын ерікті сақтандыру саласында үлкен талдау жұмысын жүргізу талап етіледі. Қоғамдық бірлестіктермен қарыз­дары жалғыз баспанамен қамтамасыз етілген қарыз алушыларға қолдау көрсету үшін ұсыныстар мен тетіктерді әзірлеу бойын­ша жұмыс та жалғастырылады. – Қарыз алушылардың мәселелері өзектігін жоғалтты, алайда толық шешілген жоқ. Бүгінгі күні ипотекалық күн тәртібінде не тұр? – Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында, ҚР ҰБ ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешуге 130 млрд. теңге бөлгенін еске саламыз және «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру» бағдарламасын іске асыруда. Оның мақсаты – жалғыз тұрғын үйді сақтап қалу, 2004-2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыз алған қарыз алушылардың борыштық жүк­те­ме­сінің деңгейін төмендету. Ағымдағы жыл­ғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тұрғын үй жыл­жы­май­­тын мүлікпен қамтамасыз етілген жеке тұл­ға­лардың 355 911 ипотекалық қарызы болды. Олардың ішінде 1 279 млрд. теңге (76,8 %) сомаға 333 511 теңгемен қарыз және 386,2 млрд. теңге (23,2%) сомаға 22 400 валюталық қарыз. 405,8 млрд. теңге сомасындағы 41 424 қарыз бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен төлем тіркелген. Бағдарлама шегінде 25 000 шартты қайта қаржыландыру жоспарланып отыр. Олардың ішінде 92 млрд. теңге сомасындағы 16 000 – валюталық қарыз және 38 млрд. теңгеге жуық сомадағы 9000 теңгемен қарыз. Қаражатты игерудің револьверлік сипатын ескере отырып, қайта қаржыландырылған қарыздардың сомасы шамамен 47 000 болуы мүмкін. 15 маусымдағы жағдай бойынша банк­терге 22 000 астам өтінім берілді, олардың ішінде 97 млрд. теңгеден астам сомаға 16 121 өтінім мақұлданды. Қоғамдық бірлестіктердің, банктердің және ҚР ҰБ-тың бірлескен іс әрекеттері ар­қа­­сын­да 2014 және 2015 жылдары 9800-ден ас­там қарыз алушыларға көмек көр­сетіл­ді. Мін­дет­темелерді орындау талаптарын өз­гер­туге қатысты, оның салдарынан қарыз алушылардың көбі өздерінің төлем тәртіптерін жақсартты, кейбіреуі кредиттерін жапты, проблеманы шешу жолдарын іздестіру үшін уақыт алды. ҚР ҰБ-тың бастамасы бойынша 2014 жылы бірқатар банктермен және қоғамдық бір­лес­тік­термен азаматтарды жалғыз баспанасынан жылыту беретін маусымда шығаруға тыйымды көздейтін меморандумға да қол қойылды. – Біздің азаматтарымыздың Ұлттық Банк­­тің мамандарынан жеке консультация алу мүмкіндігі бар ма? Заңды оқитын және тү­­сі­нетін адам аз екені ешкімге құпия емес... – ҚР ҰБ-да Алматы қаласы, Әйтеке би көшесі, 67 (тел. 727 2 619-213) мекен­жайы бойынша 2014 жылдан бастап Қоғам­дық қабылдау бөлмесі жұмыс істеп жатыр, онда біздің мамандар күн сайын азаматтарға консультациялар береді және қаржы ұйымдарының қызметті көрсетуімен байланысты мәселелер бойынша құқықтық көмекті көрсетеді. Мысалы, 2015 жылы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш берген 1 067 азаматқа консультация берілді. Олардың 80%-ын ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша консультациялар құрады. Өңірлерде тұратын азаматтар да консультация алу үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына өтініш берулеріне болады. – Ипотекалық қарыз алушылар бо­йынша барлық әлеуетті проблемалар жо­йылды деп айтуға сенімді емеспін. Ұлттық Банк бұл салада жұмысын жалғастыра ма? – Қазіргі кезде біздің мамандар жұмыс істеп жатқан мәселелер тұрғын үйін кепілге қойған қарыз алушыларды одан әрі қолдауға бағытталған. Бағдарламаға қатысушы банктермен өзара қарым-қатынас жасау және ынтымақтастық туралы меморандумды жасау көзделді. Мемо­рандумның өзекті мәселесі – қарыз алушы­ларға қолдау көрсетудің қосымша құралдарын әзірлеу мақсатында қарыз алушыларды жал­ғыз баспанасынан шығаруды бір жылға тоқтата тұру. Қазіргі уақытта әрбір банкпен мемо­рандум талаптары пысықталуда. Сонымен қатар, біз салықтық жеңілдіктер мә­се­лесінің жүйелі шешімін тапқымыз келеді. Бір­қа­тар жағдайларда банктер, қарыз алушы­лар­­дың борыштық жүктемелерін жеңіл­дету мақ­сатын­да, негізгі борыш сомасы­ның және қа­­рыз бойынша өзге берешек сома­сы­ның бір бө­лі­гін не барлығын есептен шы­ғару­ға да­­йын. Қолданыстағы салық заңна­ма­сын­да қа­рыз алушылардың жекелеген топ­тары­ның қарыздары бойынша берешекті есеп­тен шы­ғару кезіндегі төленетін ақылардан банк­­тер­­­ді босату көзделген. Алайда, бұл нор­­ма жеткі­ліксіз. Сондықтан қазіргі таңда Ұлт­тық Банк Салық кодексіне қарыз алушыларды, сон­дай-ақ банктерді және бағ­дар­ламаны іске асы­руға уәкілетті ұйымдарды қарыз алу­­шы­­лар­дың берешегін кешіру кезінде туын­­­дай­тын салықтарды төлеуден босатуды көз­дей­тін бірқатар түзетулер әзірледі. Оның ішін­де, қарызды 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша конвертациялау нәтижесінде қарыз алу­шыға қойылатын талаптардың мөл­шерін азай­ту кезінде. Бірақ ол үшін мүдделі орган­дар­дың келісімі талап етіледі. Валюталық қарыз алушылардың және халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын қарыз алушылардың проблемалары да шешімін таппай тұр. Халықты әлеуметтік қорғау мемлекет саясатының бір бағыты болып табылатындығын ескере отырып, Ұлттық Банк қазіргі таңда ахуалды жан-жақты талдауда әрі осындай қарыз алушыларға қолдау көрсетудің шетелдік тәжірибесін зерделеуде.  – Тағы бір өзекті мәселе – көптеген адамдарға ауыртпалық салған валюталық бағамды түзету. Оның ішінде, банк салымшылары үшін де. Мемлекет шығындарды барынша азайтуға уәде берді. Бұл жағдай қалай болуда? – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, депозиторлардың құқықтарын қорғау, ұлттық валютаға сенім білдіру мақсатында, ҚР ҰБ басқармасы Жеке тұлғалардың ұлт­тық валютамен ашылған депозиттері бойын­ша өтемақы төлеу тәртібін бекітті. Ол жеке тұлғалардың 2015 жылғы 1 тамызда 1 000 000 теңгеден аспайтын сомада теңгемен ашыл­ған мерзімді салымдары бойынша ҚР ҰБ қара­жатының есебінен өтемақы төлеуді көздейді. Банктер ұсынған ақпарат бойынша, 2016 жылғы мамырдың соңында жеке тұлғалардың арнайы шоттарындағы сомалардың қалдығы 69,2 млрд. теңге болады. Болжамды өтемақы сомасы 60,2 млрд. теңге. Бұл, ҚР ҰБ-тың қаржылық қызметтерді тұ­ты­ну­шылардың құқықтары мен мүдделерін қор­ғау жөніндегі көп жылдық жұмысы туралы қыс­­қаша мәлімет. Қаржылық қызметтер нары­­ғын­дағы ахуалды, оған сыртқы фактор­лар­­дың ықпалын, тұтынушылар өтініштерінің маз­­мұ­нын әрі себебін, сондай-ақ қоғамдық бір­­лес­­тік­термен өзара іс-қимылын тереңінен тал­дау заң­нама нормаларының олқылықтарын аны­қ­тауға және оны қайта қарауға мүмкіндік береді. Қысқа мерзімді перспективада тұтыну­шыларды қорғаудың ең тиімді нысандарының бірі ретінде халықтың қаржылық сауаттылығы деңгейін арттыруға баса назар аудару жоспар­ланып отыр. Азаматтарда дербес қаржы сала­сын­дағы қажетті білім мен дағдының болмауы, ойланбай шешімдер қабылдауы көбінесе көп­ш­ілігіміз үшін аянышты жағдайларға әкеп соға­ды. Бірінші кезекте – өзімізге біршама борыш­­тық ауыртпалық қабылдау. Үкімет пен Ұлт­­тық Банктің 2016-2018 жылдарға арналған эко­но­­ми­калық және әлеуметтік тұрақтылықты қам­тама­сыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы іс-қи­мыл жоспары шеңберінде, қазіргі таңда Халық­тың қаржылық сауаттылығын арттыру бағдар­ла­масының жобасы дайындалуда, біз оны екін­ші деңгейдегі банктермен бірлесіп іске асыра­тын боламыз.  Әңгімелескен Алевтина ДОНСКИХ

Қоғамдық қабылдау бөлмесі

Қаржылық қызметтерді тұтыну­шыларды қорғау мақсатында Алматы қаласында Әйтеке би к-сі, 67 мекенжайы бойынша ҚР ҰБ Қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылған. Мұнда күн сайын сағат 10.00-ден бастап сағат 17.00-ге дейін (сағат 13.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейін үзіліс) Ұлттық Банктің мамандары қаржы­лық қызметтерге байланысты азаматтарды, заңды тұлғалардың өкілдерін, дара кәсіпкерлерді қабылдау­ды жүргізеді. Атап айтқанда, қаржылық қыз­мет­терді тұтынушылардың құқық­тарын қорғау мәселелері бойынша консультациялар беріледі, банк­тік, сақтандыру, зейнетақы сала­­ларындағы, сол сияқты бағалы қағаз­дар нарығы саласындағы қолда­ныс­тағы заңнамалардың нормалары түсіндіріледі. Сондай-ақ қоғам­дық бірлестіктердің өкілдерімен бір­ле­сіп проблемалық қарыз алу­шы­­лар­­дың екінші деңгейдегі банк­тер­­дің, банк операцияларының же­ке­леген түрлерін жүзеге асыратын ұйым­дар­дың өкілдерімен кездесу­лері ұйым­дастырылуы мүмкін. Өтініш­тер­ді қабылдау және оларды мәні бо­йынша одан әрі қарауды қамтамасыз ету «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қару тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Басқа аймақтардың тұрғындары – қаржылық қызметтерді тұтыну­шылар құқықтық көмек және консультациялар алу үшін Ұлттық Банк­тің аумақтық филиалдарының қаржы ұйымдарын бақылау және қаржылық қызметтерді тұтыну­шы­лардың құ­қық­тарын қорғау бөлім­деріне өтініш жасай алады. Бөлімдердің, сондай-ақ ҚР ҰБ Қоғам­дық қабылдау бөлмесінің міндеті мыналар: қаржылық қыз­мет­терді тұтыну­шылардың құқық­т­ары мен заңды мүдделерін қорғау­дың тиісін­­ше деңгейін қамта­ма­сыз ету; қаржы­лық және микроқар­жы­лық қызметтер көрсету/тұтыну мәселелері, осы қыз­мет­терді тұтыну­шы­лардың құқық­тарын қорғау бо­йынша түсіндіру жұмы­сын жүргізу. Сондай-ақ қызмет­терді көрсету және жеке және заңды тұлғалардың келіп түскен өтініштері бойынша ақпаратты жария ету кезінде заңна­малық түрде белгіленген талаптарды сақтау бойынша қаржы нарығы субъектілерінің және микроқаржы ұйымдарының қызметін жоспардан тыс және құжаттамалық тексерулерді жүргізу олардың құзыретіне кіреді. Қоғамдық қабылдау бөлмесіне және аумақтық филиалдарға өтініш жасау үшін алдын ала жазылу талап етілмейді. Анықтама үшін телефон (727) 2 ­619-213. Ұлттық Банктің  аумақтық филиалдарының байланыс  деректері:
Филиал Аты-жөні Телефоны E-Mail Мекенжайы
Орталық филиал Айтқожина Клара Орынбайқызы +7 (7172) 70 33 33 ast_80@nationalbank.kz 010000, Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 21
Ақмола филиалы Бесембаев Дархан Наурызбайұлы +7 (7162) 25 07 25 kokch_80@nationalbank.kz 020000, Көкшетау қ., Әуезов к-сі, 214
Алматы  қалалық филиалы Башанов Серікбай    Құрманбайұлы +7 (7272) 44 36 78 Af_80@nationalbank.kz 050000,  Алматы қ., Панфилов к-сі, 98
Алматы  облыстық филиалы Диханчинов Бағлан Мұраталдыұлы +7 (7282) 24 00 50 tald_80@nationalbank.kz 040008, Талдықор-ған қ., М.Төлебаев к-сі, 58/64
Атырау филиалы Қабесов Асланбек Шеркешбайұлы +7 (7122) 32 23 10 Atyur_80@nationalbank.kz 060002, Атырау қ., Уәлиханов к-сі, 2а
Ақтөбе филиалы Оспанов Нұрлан Тұрсынғалиұлы +7 (7132) 21 14 59 akt_80@nationalbank.kz 030006,  Ақтөбе қ.,  Асау Барақ к-сі, 45
Шығыс Қазақстан филиалы Сертаев Мұрат Маратұлы +7 (7232) 25 49 13 vko_80@nationalbank.kz 070019, Өскемен қ.,   Қазақстан к-сі, 3
Жамбыл филиалы Әзімханов Ерлан Жандосұлы +7 (7262) 45 85 82 zhumb_80@nationalbank.kz 080000,  Тараз қ.,  Қазыбек би к-сі, 137
Батыс Қазақстан филиалы Хайрлиева  Валентина Сергеевна +7 (7112) 50 93 28 ura_80@nationalbank.kz 090000, Орал қ.,  Досмұхамедов к-сі, 16
Қызылорда филиалы Әбенова Забира Әбділатипқызы +7 (7242) 27 70 20 kyz_80@ nationalbank.kz 120019,  Қызылорда қ., Жақаев к-сі, 20
Қостанай филиалы Қуанышбаев Әсет Ахмеджанұлы +7 (7142) 53 27 89 kost_80@nationalbank.kz 110000, Қостанай қ.,  Баймағам-бетов к-сі, 195
Қарағанды филиалы Худякова Анна Васильевна +7 (7212) 41 93 71 kar_80@nationalbank.kz 100000,  Қарағанды қ.,   Бұқар жырау д-лы, 19
Маңғыстау филиалы Машанов Нұртас Бағдаұлы +7 (7292) 43 54 59 Mang_80@nationalbank.kz 130000,  Ақтау қ., 23- шағын аудан
Павлодар филиалы Жүсіпова  Светлана Мұратбекқызы +7 (7182) 32 39 10 Pavl_80@nationalbank.kz 140000,  Павлодар қ., академик Сәтбаев к-сі, 44
Солтүстік Қазақстан филиалы Дәуренбекова Алма Манайдарқызы +7 (7152) 46 06 09 petro_80@nationalbank.kz 150000,  Петропавл қ., Қазақстан Конс­титуциясы к-сі , 6
Оңтүстік Қазақстан филиалы Оспанова  Мәрияш Баянқызы +7 (7252) 21 26 37 chimk_80@nationalbank.kz 160012,  Шымкент қ.,  Төреқұлов к-сі, 2

Мөлшерлеменің бәрі бірдей емес

Базалық мөлшерлеме дегеніміз не және ол ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесінен қалай ерекшеленеді? Бұлардың қайсысына көңіл бөлген жөн?  Майра Д., студент, Алматы Сұраққа ҚР ҰБ Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий ТУТУШКИН жауап береді: – Базалық мөлшерлеме ақша нарығындағы номиналдық пайыздық мөлшерлемелерді реттеуге мүмкіндік беретін Ұлттық Банктің ақша-кредит саясатының негізгі құралы болып табылады. Базалық мөлшерлеменің деңгейін белгілей отырып, реттеуші орта мерзімді кезеңде бағалардың тұрақ­тылығын қамтамасыз ету жөнін­дегі мақсатқа қол жеткізу үшін ақша нарығының таргеттелетін (нысаналы) қысқамерзімді мөлшерлемесінің нысаналы мәнін айқындайды. Ұлттық Банк, өзінің бағалауы бо­йынша, орта мерзімді кезеңде инфля­ция­ның нысаналы бағдарына қол жет­кізуге мүмкіндік беретін деңгейде база­лық мөлшерлемені белгілейді.  Ақша нарығының таргеттелетін қысқа мерзімді мөлшерлемесі TONIA индикаторы, яғни Қазақстанның қор биржасындағы автоматты репо секторында бір жұмыс күні мерзімімен жасалған репо ашу мәмілелері бо­йынша орташа саралан­ған пайыздық мөлшерлеме болып табылады.  Базалық мөлшерлеменің өзгеруі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатының бағытын айқындайды. Базалық мөлшер­леменің азаюы теңге­дегі қаражат құны­ның төмендеуіне, ал артуы керісінше жоғарылауына ықпал етеді. Осылайша, базалық мөлшерлеменің  деңгейін өзгерте отырып, ҚР ҰБ эконо­ми­кад­ағы теңгедегі қаражат құнын басқарады. Бұл ретте, базалық мөлшерлеме мен қайта қаржыландыру мөлшер­лемесі әртүрлі құралдар болып табыла­тындығын атап өту қажет.  5,5%-ға тең қай­та қаржыландыру мөлшерлемесі фис­калдық қызметті орындайды және зиянды өтеу, алынбаған пай­да­ны есеу үшін өсімпұлдар, айып­пұл­дар есептеу кезінде пайдала­ныла­ды. Қазіргі уақытта қайта қаржы­лан­ды­ру мөлшерлемесі ақша-кредит сая­сатының операциялары үшін пайдаланылмайды. Осылай­ша, Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты­ның бағытталуын көрсететін нақты экономикалық индикатор ретін­де базалық мөлшерлемеге көңіл бөлу қажет, өйткені базалық мөлшер­леме ғана ақша нарығындағы мөлшерлемені қалыптастырады, олар өз кезегінде, екінші деңгейдегі банктердегі кредиттік ресурстардың құнын қалыптастырады.