05 Ақпан, 2011

Сарышығанақ ауылы «Егеменге» риза

613 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Айтпаса сөздің атасы өледі. Былтырғы жылы шілде айында Ақсу қаласы ау­ма­ғына қарасты Сарышығанақ ауылының тұр­ғындары  газетімізге өз өтініш-арыз­да­рын жа­зып әкеліп еді. Онда ауылдағы жалпы білім беретін орта мектептің ішінде ауыл әкімдігі, пошта, полиция бө­лім­шесі, дәрі­гер­лік бөлмелер, кітапхана – бәрі бірге ор­наласқанын, ал, керісінше, ауылда жекешелендіру уақытынан бері бос тұр­ған үйлер бар екенін, неге бұларды тұр­ғындардың игілігіне жаратуға болмайды деп сауал тастап, көмектесуімізді сұраған болатын-ды. Тұрғындар өтінішіне орай Сарышы­ғанақ ауылына барғанымызда тіп­ті, таң­қалдық. Өйткені, қазіргі әкім Оразкелді Қайыркелдиновке дейін бұл қалада үш-төрт әкім ауысып келіп-кетсе де, ауылдың күйі осы қалпында қала беріпті. Содан бері он-он бес жыл уақыт өткен. Сөйтіп, біз «Жол картасынан тыс қал­ған ауыл» деп газетке мақала жария­ладық. Бұл мәселе облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың да назарынан тыс қалған жоқ. Сөйтіп, жаңа жылдың алдында Са­рышығанақта жарқы­раған, жабдықталған жаңа дәрігерлік  бө­лімше ашылды. Бұған  жүрегі жарыла қуанған  ауыл тұрғындары  мұндағы жұрт­тың жай-күйін ашып жаз­ған ел газеті – «Егеменге» ырзамыз, деп отыр. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар облысы.