06 Шілде, 2016

Мереке аясындағы мерейлі сәт

372 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Вашингтонда Астана күні және Қазақстан мен АҚШ дипломатиялық қатынастарының 25 жылдығы атап өтілді Астана күні мерекесінің қар­саңында Вашингтон қаласында дәстүрлі қазақ тағамдарын дайындау бойынша шеберлік-са­бағы өткізілді. Іс-шараға саяси және сараптамалық топтардың, «Қазақстан достары клубының» өкілдері және қазақ диаспорасы қатысты. Қазақ ұлттық тағамдары АҚШ қауымдастығының ерекше қызы­ғушылығын тудырды. Вашинг­тондағы іс-шарада қонақтарға дәстүрлі қазақ мәзірінен тағам дайындау ұсынылды. Қонақтар алжапқыштарын тартып, қазақ тағамдарын дайындау әуесқойлығымен әйгілі Edlow International Company (EIC) корпорациясының басшысы Джек Эдлоутияның жасағандарын қайталады. Елшілік қызметкерлері мен диаспора өкілдері қонақтарға көмектесіп, нан илеу­ге қатысты. Осыдан кейін қонақтар өз қолымен жасаған тағамдарының дәмін татуға шақырылды. Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Қайрат Омаров мерекелік дастарқан үшін себептердің жеткілікті екенін айтты. Ол Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамына кіргеніне ерекше тоқталып, бұл кәсіби мерекесі 2 шілдеде аталып өткен қазақстандық дипломатия тарихындағы үлкен жетістіктердің бірі екеніне назар аударды. Елші қонақтарды АҚШ-тың алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, биыл Қазақстанның тәуелсіздік алғанына 25 жыл толатынын және АҚШ-пен дипломатиялық қатынастар орнағанына да ширек ғасыр болатынын айтып өтті. Ол, сонымен қатар, 6 шілдеде аталып өтетін Астана күніне тоқталып, биыл елорда өзінің 17 жылдығын тойлайтынын көлденең тартты. Жиналғандардың назарына «Қазақстан – Ұлы Дала елі» заманауи мобильді қосымшасы ұсынылды. Елшілік қонақтары қазақ тағам­дарымен жақын танысуға мүм­кіндік берілгені үшін алғы­сын білдіріп, Қазақстан халқы мен мемлекет бас­шылығын тәуелсіздіктің 25 жылы ішіндегі жетістіктерімен және алдағы мерекелермен құттықтады. «Егемен-ақпарат»