06 Шілде, 2016

Жастарға жүктелген жауапкершілік

416 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін
100-590«Нұр Отан» партиясының қатары қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген азаматтармен толықты. Астана күніне орай, «Нұр Отан» партиясының бас кеңсесінде оларға партия билеттерін тапсыру салтанатты рәсімі өтті. Партия мүшесі атанғысы кел­ген­дердің арасында «Назарбаев Уни­верситеттің» ғалымдары мен ұстаз­дары, Ұлттық медицина­лық хол­дингтің қызметкерлері, «Астана Опе­раның» әртістері, сон­дай-ақ, мем­­лекеттік индустрия­лық-инно­ва­ция­лық даму бағ­­дар­ламасының ая­сында салынған еліміздің жаңа өн­ді­рістік алып­тарының инженерлері мен жұмыс­шылары бар. Іс-шараны ашқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхам­мед рәсімге қатысушылар еңбек ететін мекемелердің партия Төр­ағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бас­тамасымен құрылғанын, яғни аталған кәсіпорындар Астананы Қазақстанның инновациялық орта­лығы ретінде қалыптасуының негізін қалағанын айтты. «Қазіргі таң­да «Нұр Отан» партия­сының қатарына өткісі келетін жастарымыздың көптігі көңіл қуантады. Мұның басты себебі, Қазақстан – биыл өзінің 25 жылдығын тойлайтын жас мемлекет. Ал «Нұр Отан» – жас партия. Бізге келесі жылы 18 жыл толады», – деді Мұхтар Құл-Мұхаммед. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мемлекет басшысының Қазақстан жастары үшін жаңа елорданың іргесін қалағанын, ал­­дың­­ғы қатарлы өндіріс орын­дары, магистральдар мен бірегей жо­ба­­лар салынып жатқанын айта келе: «Бүгін біздің қатарымызды мәдениеттің, өнердің, ғылымның, білімнің және медицинаның жас өкілдері толықтырып отыр. Сіз­дер­дің әрқайсыңыз Астана өмірін­дегі аса маңызды салалардың ажыр­амас бір бөлшегісіздер. Бұл таңғажайып жобалардың бар­лығы біздің Елбасы­мыздың тіке­лей бастамасымен құ­рыл­ды. Ара­ларыңызда Астанадағы жаңа кәсіп­орындардың жас жұмыс­шы­лары мен инженерлері де бар. Ол кәсіпорындар да Президенттің индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының арқасында салынды», – деді. Бұған қоса, Мұхтар Құл-Мұхам­мед Мемлекет басшысы жас­тарға се­нім артып отырғанын, ал бұл үде­ден шығу оларға үлкен жауап­кершілік жүк­­тейтінін жеткізді. Ол: «Елба­сы­­мыз сіздерге зор сенім артып отыр. Сондықтан, Президенттің озық, үдемелі саясатының басты жал­­ғас­­­тырушылары да дәл сіздер болу­ла­рыңыз керек», – деді және жас­тар­дың өз істерінің үздігі және қатар­ларының алды болуларына тілектестігін білдірді. Сонымен, «Нұр Отан» партия­­­сының билеттерін бокстан Қа­зақ­­стан ұлттық құрамасының мү­ше­сі Зарина Цолоева, «Славянский базар-2015» халықаралық ән бай­қауы­ның Гран-при иегері Дін­мұхам­мед Құдай­берген, «Карьер Аксай» ЖШС дирек­торының орынбасары Сергей Дроздов, Шығыс Қазақстан облы­сынан келген жұмысшы-меха­ник Иван Подкорытов, заңгер Гүл­нәр Көшекова, фермер Әсет Рахма­тул­лин, суретші-дизайнер Мақсат Ай­дүйсенов, КТК коман­дасының мү­шесі Ғалымжан Кең­шілік, кәсіпкер Айдос Балтаев, тележүргізуші Сан­ду­ғаш Сұлтанова, дәрігер-ревматолог Ай­гүл Айт­мағанбетова, қазақ тілі мен әде­биеті пәндерінің мұғалімі Алена Павловец, «Астана Опера» балет театрының жетекші солисі Жан­дос Әубәкіров, «Астана Опера» опе­ра театрының жетекші солисі Сүн­дет Байғожин, колледж студенті Рус­там Зайнекеев, медицина ғы­лым­дары­ның канди­даты Айгүл Сапар­бекова, Астана медицина уни­ве­р­си­теті деканының орынбасары Нұрбек Мүсі­репов, Еуразия ұлттық уни­вер­ситеті­нің студенті Аружан Қабы­кенова, «Астана зеленстрой» АҚ ше­бері Іңкәр Наурызбаева, локомотив де­по­сы­ның шебері Асылжан Жакешов және металлург Нұрлан Манар­беков алды. Жалпы, Астана күніне орайлас­тырылған партия билеттерін тапсыру рәсімі Қазақстанның барлық өңірін­де өткізілуде. Қазірдің өзінде «Нұр Отан» партиясы мүшелерінің саны миллионнан асып жығылады. Дінмұхаммед ҚҰДАЙБЕРГЕН, әнші, Ақтөбе: – Мен «Нұр Отан» пар­тия­сын бірінші кезекте, жас­тар партиясы деп есептеймін. Себебі, тәуелсіздіктің 25 жы­лы ішінде еліміздің қол жет­кіз­ген жетістіктерінің бар­лы­ғы ал­ды­мен біздерге, яғ­ни жас­тарға өз пайдасын тигі­зу­де. Сон­дық­тан, біз «Нұр Отан» партия­­сының басты қозғаушы күші болуымыз керек. Мақсат АЙДҮЙСЕНОВ, суретші-дизайнер, Оңтүістік Қазақстан облысы: – Сұлу елордамыздың төрінде партия қатарына қосылып отырғаныма өте қуаныштымын. Оған қоса, партиялық билетті елордамыздың туған күні қарсаңында қолға алып отырғаным үшін өзімді екі есе бақытты сезінемін. Небәрі 18 жылдай мер­зімде Елбасымыздың дәл осындай ғажа­йып мегаполисті сал­ғанына әлі күнге дейін таң­ғаламын. Елорда­ны айрықша сәулет жара­сым­дылығы, дизай­нерлік және сәулет шебер­лігінің шыңы деп білемін. Айдос Балтаев, Жастар кәсіпкерлік комитетінің төрағасы, Астана: – Қазақстанның барлық кәсіпкері «Нұр Отан» пар­тия­сын 100% қолдайтынына сенімдімін. Себебі, біздің Елбасымыз кәсіпкерлерге, әсіресе, өндіру­шілерге әрдайым қолдау көрсетіп келеді. 25 жасымда киім-кешек тігумен айналысатын кәсіп­орын құрып үлгердім деп сеніммен айта ала­мын. Алайда, мемлекеттің қолдауынсыз бұл мүмкін болмас еді. Елімізде адал еңбек етіп жүргендерге көмек көрсетіліп отырғаны өте қуантады. Алена ПАВЛОВЕЦ, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, Астана: – «Нұр Отан» партиясы үшін маңызы жағынан бірінші орында халықтың бірлігі тұ­ра­ды. Сол себепті де, мен пар­­­тия қатарына қосылуды жөн санадым. Бұл жайында Ел­­басы­мыз Нұрсұлтан Назар­баев та әрдайым айтып жүр. Егер, халықтың береке-бірлі­гі бекем болса, Қазақстанның кез келген биік­ті бағынды­раты­нына сенімдімін. Еліміздің өскелең ұрпа­ғы хал­қымыздың басты байлығы – бірлік еке­нін еш­қашан жадынан шығармауы үшін өз тарапым­нан қолымнан келген барлық мүмкіндікті жасаймын. Аружан ҚАБЫКЕНОВА, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті: – Мемлекет басшысы және «Нұр Отан» пар­тиясы жастарды айрықша назарда ұстай­тыны қуантады. Бағымызға орай, біз тәуел­сіз Қазақстан жерінде туып, еліміздің күн­нен-күнге дамып, гүл­деніп келе жатқанының куәгер­леріміз. Ол үшін аға буын­ға рахметімізді айтып, өзі­міз де қол қусырып отыр­мауы­мыз қажет деп білемін. Барымызды бағалап, оны іске асыруымыз қажет. «Нұр Отан» партиясының қатарына қосылу туралы шешімімнің басты себебі де осында. Сүндет БАЙҒОЖИН, «Астана Опера» театрының жетекші солисі: – Шетелде оқып жүрген кезі­мде біздің Астанада «Ас­тана Опера» сынды сән-салта­наты келіскен зәулім театр са­лын­са ғой деп арман­дамай­тын да едім. Еліміздің бар­лық әр­тісі осындай мәде­ниет пен өнер­дің алтын ордасы үшін Мем­лекет бас­шы­сына шексіз риза­шы­лықтарын білдіреді. Ол бар­ша қазақ­стандықтың өнерге деген құштарлықтарын арттырады. Ләйла ЕДІЛҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»