06 Шілде, 2016

Таңғы тілек

6285 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қайырлы таң, қазақтың Арайлаған аспаны! Жиырма бес жыл – азат күн Алтын нұрын шашқалы!   Қайырлы таң, Көкбайрақ, – Елдігімнің тірегі! Арманына ат байлап, Халқым қайта түледі!   Қайырлы таң, Астана, Азаттықтан жаралған! Жауқазындай  жас қала, Айналасы көк орман!   Қайырлы таң, Ақорда, – Қарашығы көзімнің. Мынау шексіз ғаламда, Орның бөлек өзіңнің!   Қайырлы таң, Бәйтерек, Бұтағына нұр тұнған! Биіктікпен бой теңеп, Болашаққа ұмтылған!   Қайырлы таң, қазағым, Бақыт қонған басына! Оралды тайқазаның, Күлтегіннің тасы да!   Қайырлы таң, Елбасы, Ерте тұрған ел үшін! Жайнап бірлік ордасы, Жарқырасын жеңісің!   Қайырлы таң, Қара жер, Қайырлы таң, Көк аспан! Елімді аман қыла көр, Ынтымағы жарасқан! Нұролла САҒАТБАЕВ
Соңғы жаңалықтар

Көктемгі дала жұмысы қарқын алды

Шаруашылық • Бүгін, 09:10

Қаладан ауылға бетбұрыс

Ауыл • Бүгін, 09:05

ЖИ агенттерінің жәрдемі

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Таңдайдан кетпес ұлт дәмі

Кәсіпкер • Бүгін, 08:58

Қолжетімді сапалы дерек

Digital • Бүгін, 08:55

Саладағы цифрлық серпін

Білім • Бүгін, 08:53

Пластик қалдығы пайдаға жарады

Аймақтар • Бүгін, 08:48

Жанға жайлы жатақхана

Аймақтар • Бүгін, 08:43

Шынайы өнер шеруі

Театр • Бүгін, 08:40

Терең тағылым

Руханият • Бүгін, 08:38

«Наршаның сөзі – баршаның сөзі»

Руханият • Бүгін, 08:32