Фото: baq.kz[/caption]
Орал қаласында «Әлеуметтік жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы аясында қала тұрғындарына 72 пәтердің кілті табыс етілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Алтай Көлгінов және осы ғимаратты салған «СКФ Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Валентина Михно қатысты.
Baq.kz-хабарлауынша, Алтай Сейдірұлы тұрғындарды құттықтап, «Нұрлы жол» бағдарламасының облыста да қарқынды жүзеге асып жатқандығына тоқталды.
– Құрметті батысқазақстандықтар, баршаңызды Ораза айтымен құттықтаймын! Сіздерге көпқабатты үйдің кілтін Елорда күніне орай табыстап жатырмыз. Бұл – біздің ортақ жетістігіміз, Тәуелсіздігіміздің нышаны, бірлік пен еңбектің көрсеткіші. Елбасы жыл сайын әлеуметтік мәселелермен айналысып, халықты тұрғын үймен қамту мақсатында талапты күшейтуде. Мемлекеттен бөлінген қаражатқа «Нұрлы жол» бағдарламасымен 14 көпқабатты үй, яғни 1500 ден астам пәтер қолданысқа берілетін болады. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік жағдайына байланысты кезекте тұрған отбасыларға ұсынылады. «Тұрғын үй жинақ банкі» салымшыларына арналған үш үй құрылысы аяқталады. Сонымен күз мезгіліне дейін көпқабатты үш, ал жыл соңына дейін көпқабатты он төрт үй қолданысқа беріледі. Соның ішінде бір тоғыз қабатты үй Ақсай қаласының тұрғындарына арнап салынуда, – деді Алтай Сейдірұлы.
Темір ҚҰСАЙЫН

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше