06 Шілде, 2016

Алматыда тазалыққа байланысты арнайы жоба жария етілді

663 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
160706-almaty Алматыдағы көкейкесті тақырыптың бірі – экология мен тазалық.  Алматы қаласын дамыту бағдарламасындағы басым бағыт та – «Таза қоршаған орта» болып тұр. Осы мәселені шешуге қалалық әкімшіліктен бастап қоғамдық ұйымдар, әлеуметтік жауапкершілікті компаниялар да кірісіп жүр.  Бірақ әлі де нәтижесі көңіл көншітерліктей емес. Ендігі жерде «Тұрақты өндіріс және тұтыну орталығы» «Алматы қаласының аумағында тазалықты сақтауды насихаттау іс-шараларын жүргізу» жобасын жария етіп отыр. Бұл бастама қаланың ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысымен 2016 жылғы әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру аясында жүзеге асырылады. Алға қойылған мақсаттарға жетудің ең қысқа жолы: тұрмыс қалдықтарын жинау және шығару тәртіптерін жетілдіру, соның ішінде жинау орындарына қатысты талаптарды жолға қою (қоқыс салатын сауыттар, контейнерлер), қоқысты бөлектеп жинауға және сұрыптауға кезең-кезеңмен ауысу тұжырымдамасын жасақтау. Қаланың ластануын алдын-алу бойынша іс-шараларға еріктілердің қатысуы (экокүзеттер). Осы іске ұйытқы болып отырғандар қала тұрғындарының да осы мақсатқа мүдделі болуына бағытталған. 160706-almaty 2 Сонымен жобаны ұйымдастырушылар істі алға жылжыту үшін тұрғындарды да осы іске тартып,  жауапкершілікті болуын қалайды. Сол сияқты көпе-көрнеу тазалық бұзатындарды жауапкершілікке тартатын рейдтер жүретіндігін БАҚ арқылы жариялап, ақпараттар беру ойластырылған. Мәселен, нақты шаралар қатарында «Қала қоқысқа қарсы» тақырыбында «Футболка мен бейсболкаға арналған ұранды ойлап тап» байқауы, қаланың екі ауданын тазарту бойынша науқаны, тәртіп бұзушыларды анықтау бойынша  демалыс орындары мен саябақтарда, аялдама кешендерінде рейдтер өткізу бар. Оның ішінде қуаты таусылған, істен шыққан батареяларды бөлек жинау бастамасы да аса маңызды. Айнаш ЕСАЛИ
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше