07 Шілде, 2016

«Еуро-2016». Португалия араға он екі жыл салып финалға шықты (видео)

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_50261" align="aligncenter" width="694"]160707-portugal-wales Фото: vk.com[/caption] Футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалында сынға түскен Португалия мен Уэльс құрамалары Лион қаласында кездесті. Португалия – Уэльс 2:0 (0:0) Стадион: «Стад-де-Люмьер». Төреші: Юнас Эрикссон Португалия: Патрисиу, Геррейро, Алвеш, Фонте, Седрик, Данилу, Мариу, Адриен (Моутинью 79), Саншеш (Гомеш 74), Нани (Куарежма 86), Роналду. Уэльс: Хенесси, Тейлор, Честер, Коллинз (Уильямс 66), Уильямс, Гантер, Кинг, Ледли (Воукс 58), Аллен, Бэйл, Робсон-Кану (Черч 63) Голдар: Роналду 50, Нани 53. Ескерту алғандар: Алвеш 71, Роналду 72 – Аллен 8, Честер 62, Бэйл 88 Биылғы додада қос құраманы жартылай финалға жетеді деп көпшілік ойламаған болса керек. Алайда, футболда бәрі мүмкін. Португалия чемпионатта сылбыр ойын көрсеткенімен, бүгінгі кездесуде Уэльс құрамасынан басым көрінді. «Реал» футбол клубының қос жұлдызы теке-тірескен матчты көпшілік асыға күтті. Дегеніндей, бұл екі футболшының жеңіске жету жолында барын салғанының куәсі болды. Португалияның капитаны бір гол соғып, Еуропа чемпионатының тарихында аты аңызға айналған француз ойыншысы Мишель Платинимен теңесті. Екеуінде 9 голдан. Ал Гарет Бэйл бірнеше жойқын соққы бағыттағанымен, Руи Патрисиудан айласын асыра алмады. Португалия сапынан Луиш Нани екінші допты тоғытып, мергендігімен көзге түсе білді. Осылайша, португалдар араға 12 жыл салып финалға шықты. Ал өзінің ерекше ойынымен көзге түскен Криштиану Роналду матчтың үздік ойыншысы атанды. Аян ӘБДУӘЛИ
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше