Фото: ria.ru[/caption]
Оңтүстік Африка Республикасының Претория қаласында атақты желаяқ Оскар Писториусқа жаңа үкім шықты. Жүгіру спортынан Паралимпиада ойындарының 6 дүркін чемпионы алты жылға бас бостандығынан айрылды.
РИА «Новости» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, спортшы фотомодель болған өзінің Рева Стенкамп есімді құрбысын қасақана өлтірген. Айыпталушы сот отырысы аяқталысымен, бірден қамауға алынған. Ал спортшының қорғаушысы үкімге қарсы шықпайтынын мәлімдеді.
Қайғылы оқиға 2013 жылдың ақпан айында Оскар Писториустың үйінде болған. Үйде жалғыз отырған ол жуыну бөлмесінен таныс емес дауысты естіп, ұры кіріп кеткен деп ойлайды. Ешнәрсеге қарамастан жабық есіктің сыртынан бірнеше рет оқ атады. Өкініштісі, ұры дегені өзінің құрбысы болып шықты.
24.kz-тің мәліметтері бойынша, 2014 жылы Писториус абайсызда адам өлтірді деген айыппен 5 жылға сотталған. Бірақ түрмеде бір жыл отырып босатылған еді.
Аян ӘБДУӘЛИ

1 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
Ауа райы • Кеше
Алматыда Қазақстандағы алғашқы крематорий ашылды
Қоғам • Кеше
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Кеше
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Кеше
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Кеше
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Кеше