08 Шілде, 2016

Жетістіктеріміз сараланған кездесу

330 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Каир қаласында Қазақстанның Мысырдағы елшілігінің «Қазақ­стан-Мысыр достығы қауым­дастығы» мүше­лерімен кездесуі өткізілді. Оған қауым­дастықтың бас хатшысы Ф.Туған, МАР парламентінің депу­таты У.Әл-Абд, Уақыфтар министрі­нің орынбасары Х.Хамид, Мысырдың Қазақстандағы бұрынғы елшісі Н.Саляма, Қазақстан-Мысыр Іскерлік кеңесінің тең төрағасы А.Килани, Араб мемлекеттері лигасы өркениеттер үнқатысуы жөніндегі департаментінің директоры С.Бибарс, сондай-ақ, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың, сарапшылар мен ғылыми орталардың, жетекші БАҚ өкілдері қатысты. Бұл Қазақстан достарының кезек­ті отырысы еліміздің және оның Көш­басшысы Н.Ә.Назар­баев­тың тұрақ­ты және дамыған мемлекетті құруға, өңірдегі және жалпы әлемдегі бей­біт­шілік пен қауіпсіздікті нығайтуға бағыт­талған соңғы бастамалары мен жетістіктеріне арналды. Атап айтқанда, Қазақстанның Мысырдағы елшісі Б.Арын Мемлекет басшысы ұсынған «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесінің негізгі мазмұнымен таныстыра отырып, Қазақстанның 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде сайлануы және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту шеңберінде елімізде жоспарланған іс-шаралары туралы хабардар етті. Қауымдастық мүшелері Елба­сының сыртқы саяси бас­тамаларын жоғары бағалап, Қазақстан халқы мен басшы­лығын БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңе­сінің тұрақты емес мүшелігіне сайлау­дағы ай­қын жеңісімен құттық­тады және Аста­наның ядролық қарудан және соғыстардан азат әлем құру ісіне бұдан да зор үлес қосаты­ны­на сенім білдірді. «Егемен-ақпарат»