08 Шілде, 2016

* Мемлекет мерейі

330 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
ООНҰйыммен ұстанымы ұқсас Василий АХАЕВ, Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, «Алтай – біздің ортақ үйіміз» халықаралық үйлестіру кеңесінің тең төрағасы Біз Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың көпвекторлы сыртқы саясатының же­місін тата баста­дық. Бүгінде Қазақ­стан­­ның әлемдік қо­ғам­­дастықта халық­ара­лық дәреже­де мо­йын­далуының жаңа са­­палық деңгейге шық­­­­қа­нына куә болып отыр­мыз. Шы­ғыс Қа­зақ­стан жұрт­шы­лы­ғы еліміздің тарихи же­ңісі – Қазақ­станның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сі­нің тұрақты емес мү­шесі болып сайлануын үлкен қуанышпен қабыл алды. Қазақстанның көпвектор­лы сыртқы саясаты ең алдымен мем­лекеттер арасындағы бей­бітшілікті нығайтуға, өзара түсіністік пен байланыстарды өрістетуге бағытталған. Бұл – Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі мен мақсат-мүддесіне толығымен сай келетін ұстаным. Қазіргі кезде Қазақстан Рес­пуб­ликасы саяси тұрақты­лығы, экономикалық һәм әлеуметтік дамуы тұрғысынан Орталық Азия елдерінің көшбасшысы саналады. Тәуелсіздік жылдарында еліміз халық­аралық байланыстарды жолға қоюдың, көптармақты сая­сатты орнықтырудың және дау-да­майлар мен кикілжіңдерді реттеу­дің бай тәжірибесін жинады. Мәселен, жуырда ғана Ресей мен Түркия арасындағы сал­қындықты жоюға ара­ағайын­­дық жаса­дық. Тәуелсіз Қазақ­стан үшін алып көр­шісі Ресейдің де, бауырлас Түркия­ның да өзіндік жақын­дық­тары бар. Сондықтан, екі ел арасындағы қай­шылықтар Қазақ­станға еш пайда бер­мейді. Бұл орайда Қазақ елінің қос мем­лекетті бітістіру­де­гі диплома­тиялық қыз­­меті геосаяси қақты­ғыс­тар­­­дың алдын алған саяси зор қадам­дардың бірі болды. Бұдан өзге, мемлекетіміздің БҰҰ-дағы ұстанымы көптеген жылдар бойы Қазақстанның мүддесі негізінде қалыптасты. Яғни, аталған жобаға қатысу елімізге өте тиімді болмақ. ӨСКЕМЕН

Үлкен мінберден үн қату – Тәуелсіздіктің үлкен жеңісі

Мұрат ЖҰРЫНОВ, Ұлттық ғылым академиясының президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор Қазақстанның 2017-2018 жылдарда Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болып сайлануы халық­аралық саяси кеңістікте көп мәселені аңғартып, мемлекеттің саяси салмағына оң ықпал ететіні әмбеге аян. Әсіресе, Орталық Азия, Тынық мұхит елдері тобы атынан үн қатып, адамзатқа ортақ қауіпсіздік мәселесінде жаһандық тұрақтылық пен тыныштыққа атсалысуы бір есептен өзіміздің Тәуелсіздігіміз бен тұрақтылығымыздың нығая түсуіне, әлемдік саяси-экономикалық, мәдени қатынастағы орнымыздың биіктей түсуіне үлкен әсері болады. Дүниені террорлық зұлым­дықтың жалын оты шарпып, тыныш жатқан елдер­дің тіршілігіне қауіп төндіріп тұрған тұста Қазақ елін әлемдік ықпалы зор ұйымға мүше ету, біріншіден, тағдырдың сыйы, екіншіден, билік басында елтұтқа болып жүрген азаматтардың ерен еңбегі деп білемін. Осы ретте Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың арқалаған жүгі, алып жүрген жауапкершілігінің нәтижесі мен жемісі десек, қателеспейміз. Геосаясатты алып қара­ңыз, қазір дүние құбы­лып тұр. Территориялық мәсе­ле, әлеу­меттік қатынас, эко­но­мика­лық ахуалдан-ақ түсін­беу­шілік туындап, қит етсе жанжал оты бұрқ ете түсіп жатыр. Ұлтаралық, дінаралық, мәдени дәстүрдің өзі дүрдараздық пен жауласудың себебіне айналып кеткендей. Дамушы ғана емес, дамыған елдердің өзінде тәуелсіздік пен тұрақтылық мәселесі шыныдай шытынап, кез келген уақытта бүліне салуға, бүлдіре салуға даяр тұр. Мұндай жағдайда тек сая­си ұстанымы орнықты, келіссөзге кемел, араағайындыққа епті ел ғана ұтады. Біздің бүгінгі ұстанымымыз бен жасап отырған еңбегіміздің осы талаптарға сай екендігі аз ғана уақыт аралығында көпке танылып, бейбітсүйгіш Қазақ елінің кеңес мүшесі болуына көп ықпал еткені айқындалды. Ата-бабамыз армандап өткен бүгінгі Тәуелсіздігімізді сақтап қалумен қатар, нығайту, әлем алдында дәлелдей түсу – баршамыздың парызымыз. Алып елдермен көрші болып, Батыс пен Шығысты жалғайтын маңызды өзек тұсында табан тірегеннен кейін, еліміздің ертеңі, халқымыздың болашағы үшін мұндай еңселі ұйымға мүше болу біздің Тәуелсіз­дігіміз бен тұрақтылығымызды бекемдей түседі. АЛМАТЫ

Сарабдал саясат жемісі

Елен ӘЛІМЖАН, жазушы Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесіне 2017-2018 жылдарға тұрақты емес мүше болып сайлануы «Мәңгілік Елді» мұрат тұтқан кең-байтақ Қазақ елін шарлап кетті. Әлем алдында еліміздің абыройы асқақтап жатқандығы мызғы­мас мемлекетіміздің әлем алдындағы беделінің нәтижесі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіз­діктің елең-алаңында-ақ бейбітшілікті аса қадірлеп, қолдайтын сарабдал саясаткер екенін көрсете білді. Елбасымыз ұстанған көпвекторлы саясатқа сын айтқан саясаткерлер де аз болған жоқ. Еуропа, АҚШ және Түркиямен келіссөздер жүргізіп, ядролық полигонды жабу, Қазақстандағы 100-ден аса зымыран мен 1000-нан аса оқтұмсықтан арылу етек-жеңін енді қымтап жатқан жас мемлекетке, әрине, оңай болған жоқ. Газет оқырмандарының естерінде болса, Америкамен екіжақты келіссөз Буштың билігі кезінде басталып, Клинтон президент болған жылдары аяқталған. Америкамен бірге Ұлыбритания, Франция, Қытай және Ресей сынды алпауыт мемлекеттер Қазақстанның Тәуелсіздігін сыйлап, құрметтейтінін әрі кепіл болатынын айтқан. Міне, БҰҰ Бас Ассамблеясында өткен дауыс беру нәтижесінде жеңіске жету – Қазақстан үшін асқан абырой, Елбасының сонау тоқсаныншы жылдары басталған сарабдал саясатының жемісі. Бүгінде әлемде дамудың баламалы идеяларына деген зор сұраныс бар. Осы тұрғыдан алғанда, Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік мәні бар бастамалардың қуатты генераторына айналып қана қоймай, тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытып, беделін өсіріп келеді. Әрине, таңдаудың Қазақстанға түсуінің өзіндік мәні бар. Бейбітшілік пен татулық моделін қалып­тастыруда Қазақ елі алда тұр. Ол – ынты­мақтастықтың тірегіне айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы. Бүгінде бұл ұйым елдің ынтымағын, бірлігін сақтап отырған үлкен институтқа айналды. Халықаралық дәрежеге ие болды. ТАРАЗ

Ел мен ер

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, Астана күні мерекесіне орай біздің еліміз тағы бір жағымды жаңалыққа қол жеткізді. Бұл ел ішіндегі айтылатын жаңалық қана емес, әлем елдері танитын оқиға болды. Қазақстанның ұстанымы, бағыты – ішкі тұрақтылықты сақтау және әлем елдерімен тең дәрежеде әр салада қоян-қолтық араласа іс жүргізу. Көптеген ұлт өкілі тұрып жатқан елде ішкі тұрақтылықты сақтаудың кепілі – өзара татулық, бірлік, ауызбіршілік қана. Қуанар­лығы сол – 130-ға тарта ұлт ұрпақтары Қазақстанды ортақ Отаны санап, Елбасы саясатын бір кісідей қолдап келеді. Бұл бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білген ымыраластық бізді даму жолына түсірді, кездескен қиындықтарды ең­серу­ге көмектесті, ортақ Отанымыздың ер­теңіне бірлесе қызмет етуге шақырды. Біз, яғни Қазақстан халқы еліміздің әрбір үлкенді-кішілі жеңістеріне, жаңалықтарына бір кісідей қуанамыз, әлем елдері алдын­дағы Елбасымыздың биік беделіне тәнтіміз және оны мақтаныш етеміз, сондай-ақ, спорт, өнер, ғылым-білім, өзге де салалардағы жетістіктер – біздің ортақ қуанышымыз. Кеше ғана Біріккен Ұлттар Ұйымы биігінде Қазақстанның мерейі тағы көтерілді. Орта­лық Азия елдері арасында ал­ғашқы болып аталған ұйым­ның Қауіпсіздік Кеңе­сіне мүше болды. Дауыс беруші тарап­тар­дың басым бөлігі Қазақ­станды қолдап шығуы­ның өзі еліміздің абыройын асырып, Елбасымыздың беделін айқындай түсті. Қазақстанның Орталық Азия елдерінің барысына айналуды мақсат еткені бар­ша­мызға белгілі. Басым дауысқа ие болып, айтулы ұйымға мүше болуы – осы меженің ақиқатқа айнала бастағанының айғағы. Қазақстандағы тұсауын кескен ядролық қарусыздану бастамасы мен оны жүзеге асырудың жарқын үлгісі, бейбітшілік жолында ұлт пен ұлысқа, наным мен сенімге қарамай өркениетті өмір сүру үрдісі расында талай елге үлгі боларлық, сабақ боларлық жайт. Өз ішінде достықтың алтын бесігін тербеткен Қазақстан енді әлем елдеріне осы ұстанымды ұсына алатын орынға табан тіреді. Бұл қуанышқа, әрине, Қазақстан азаматы ретінде қуаныштымыз. Отанымыздың шығар биігі көп болғай, елімізде тек тыныштық, береке-бірлік болсын. Осы игі істердің ұйытқысы бола алған Елбасымыз екенін білеміз және оған жігер тілейміз. Өйткені, елді танытып жүрген ері, ерін қолдап жүрген елі екенін ұғынамыз.  Зүлфия БЕРНЕЕВА, «Булгар» татар этномәдени бірлестігінің төрайымы Маңғыстау облысы
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше