Өскеменде ұзақты күнге айналып жүрген қара бұлт нөсер болып құйып, баданадай бұршағын да аямастан төкті. Облыс орталығының кейбір бөлігін қатты жауған жаңбырдан көлкілдеген су басты. Айталық, Тәуелсіздік даңғылы тобықтан жоғары теңізге айналды. Әсіресе, Металлургтер мәдениет сарайы аумағымен көліктер әупірімдеп өтсе, жаяу жүргіншілер қозғала алмай қалды. Құдды Венеция көрінісі келіп орнағандай десті өскемендіктер. Төтенше жағдай қызметкерлері қаланың бұл аумағындағы жағдайдың ернеуіне толып ағып жатқан Ертіс өзеніне қатысы жоқ екендігін айтады. Сондай-ақ, облыстық МАИ маңайында қаңтарулы тұрған көліктер белуарына дейін су астында қалды. Шамасы, жауын мен қар суын ағызатын көшедегі кәріз жүйелерінің бірі істен шықса керек. Яғни, кәріздер қоқыстан уақтылы тазаланбаған болуы ықтимал. Гагарин бульвары мен Белинский көшесіндегі кейбір үйлер электр қуатынсыз қалды.
Әлеуметтік желілерде табиғаттың тосын құбылысына таң болған тұрғындар түрлі суреттер жариялап жатты. Бір қызығы, бұршақты нөсер қаланың барлық тұсына жаумаған. Мәселен, Гагарин бульвары, Мұнай базасы мен әуежай аумағына бармақ басындай бұршақ түссе, сол уақытта Опытное поле мен Өзен вокзалы аумағында жауын жай ғана сіркіреп өткен. Ал Октябрь ауданына тамшы да тамбаған. Қалаға жақын орналасқан Ұлан ауданының аумағындағы саяжайларда жүрген тұрғындар бұршақтың ірі болғанын жеткізді.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің жетекшісі Асқар Жақсылықов шаһар аумағында бір сағатқа жетер-жетпес уақытта бір айлық жауын-шашын мөлшері түскенін, су басқан аумақтарға техникалар жөнелтілгенін, суларды сорып алу жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Думан АНАШ,
«Егемен Қазақстан»
ӨСКЕМЕН

Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20
Енді домбыраны ұшақ бортында алып жүруге болады
Қоғам • Бүгін, 17:16
Астанада мереке күндері қай көшелер жабық болады?
Инфрақұрылым • Бүгін, 16:50