Еліміздің БАҚ өкілдері табиғат аясында демалып қайтты
Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесінің қарсаңында еліміздің бірқатар БАҚ өкілдері Қарағанды облысындағы тамсандырған табиғаты бар Қарқаралыда демалып қайтты. Бұл игі шараны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған еді.
Қарқаралы топырағында еліміздің БАҚ өкілдерін бір кезде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім алған Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің ректоры А.Ғазалиев бастаған қызметкерлер қарсы алып, білім ордасының сол жердегі «Политехник» оқу-сауықтыру орталығына орналастырды. ҚарМТУ ректоры журналистерге арнайы қонақасы беріп, еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан жаңа реформалар туралы тұшымды әңгіме өрбітті.
Журналистер қауымы демалыстың алғашқы күні Қарқаралыдағы Құнанбай қажы салдырған мешітте құран бағыштау рәсіміне қатысып, одан кейін әйгілі «Шайтанкөлге» барып, табиғат тамашасын өз көздерімен көрді.
Екі күнге ұласқан демалыс сапары барысында БАҚ өкілдері Мәди Бәпиұлы, Қасым Аманжолов, Нұркен Әбдіров, Тоқтар Әубәкіров, Мартбек Мамыраев сынды ақындар мен батырлар шыққан киелі топырақтың тарихымен танысып, руханиятымен тыныстады.Қарқаралыдағы тарихи орындарда, атап айтқанда, Абай Құнанбайұлы екі айдан астам аялдаған көпес Бекметовтің үйінде, Құнанбай қажы салдырған мешітте және басқа да тарихи орындарда болып, құнды жәдігерлермен танысты. Сондай-ақ, олар Қарқаралыдағы Ұлттық табиғи паркте болып, ол жердегі аса сирек кездесетін аң-құстарды тамашалады.
Екі күндік демалыс барысында журналистер қауымы естен кетпес әсер алып, шараны ұйымдастырушыларға дән риза болып, табиғаты уылжыған Қарқаралыны қимай аттанды.
«Алдағы уақытта да БАҚ өкілдерін еліміздің өзге де өңірлеріне демалыс сапарына апарып тұруды жоспарлаудамыз», – деді министрліктің PR кеңесшісі Майраш Тайкенова.
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы

Енді медицина түлектеріне резидентураны өтпей-ақ жұмыс істеуіне рұқсат беріледі
Қоғам • Бүгін, 22:43
Жеңіс туын тіккен күн: Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігіне тағзым жасалды
Өшпес даңқ • Бүгін, 22:09
Аумағы миллион гектардан асатын «Арал орманы» резерваты құрылады
Экология • Бүгін, 21:33
Шетелдік инвестордың құқығы қорғалды: 3,5 млрд теңге толық өтелді
Оқиға • Бүгін, 21:06
Бағалы қағаздар нарығы: Қазақстанда бастапқы дилерлер институты енгізіледі
Қаржы • Бүгін, 20:33
Қазақстан ШЫҰ Даму банкі арқылы инвестиция мүмкіндігін кеңейтеді
Инвестиция • Бүгін, 20:11
Бірыңғай сатып алу платформасы іске қосылды: Қанша пайдаланушы тіркелді?
Қаржы • Бүгін, 19:53
Аптап ыстық, нөсер, бұршақ: Мамыр айында ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Бүгін, 19:33
Алматы облысында картон зауыты аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 18:59
Теміртауда 190 млн теңгелік шығынға әкелген қылмыстық топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 18:34
Статистика: Ел тұрғындары темекі мен алкогольге кететін шығынды азайтқан
Денсаулық • Бүгін, 17:58
Жыл соңына қарай доллар 540 теңгеге қымбаттайды
Қаржы • Бүгін, 17:49
Елдос Сметов биыл татамиге қайта оралуы мүмкін
Спорт • Бүгін, 17:32
Атырау колониясында сотталған адам көз жұмды: Мекеменің 12 қызметкері жазаланды
Аймақтар • Бүгін, 17:20