08 Ақпан, 2011

Сенімге серпін

554 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Болашақтың іргесін бірге қа­лай­мыз» атты Жолдауы облыстық актив жи­ы­ны­на арқау болды. Онда аймақ бас­шы­сы Серік Ахметов баяндама жасап, бұл бағдарламалық құжатта айқын­далған бірінші кезекте атқа­ры­латын іс-шараларды ортаға салды. Сөз орайында айтылғандай, өт­кен жылы мәшине жасау, металлургия саласын жаңғырту бойынша жүргізіл­ген істер мен жобалар би­ыл одан әрі өрістейді. 74 миллиард теңгеге есептелген 14 жаңа жоба іске асырылады. Мұның өзі бір жағынан 2,5 мыңға жуық адамның еңбекке қамтылуына мүмкіндік беретіндігімен маңызды. Экономиканы әртараптандыруға бағытталған қарышты қадам қата­рына ауыл шаруашылығын алдағы он жылда дамытудың бағдар­ла­ма­сы жатады. Ұлт Көшбасшысы Жол­дауында алға қойылғандай, тұр­ғын­дардың тұрмысын жақсарту, со­ған жол ашу үшін күш-қабілетті тиімді жұмылдыру басты назарда ұстала­тындығы аталды. Жиында көп жыл­дан облысқа танымал азамат, Социалистік Еңбек Ері, бұ­рынғы шопан, бүгін « Батыр» шаруа қожалығының жетекшісі Сайлау Біләлов алдымен сөз алып, елі­міздің көз алдымызда танығысыз өз­ге­руі Қазақстан Президенті Нұр­сұл­тан Назарбаевтың ерен еңбегі мен көрегендік саяса­тының, дана­лық басшылығының арқасында еке­нін жеткізді. Облыстық мәслихаттың депу­та­ты Хадиша Оспанова, «Саран» шах­тасының кеншісі Жұмамұрат Бегалиев, Қарағанды мәшине жасау зауытының директоры Болат Кенжин, қалалық №4 емхананың мең­герушісі Салтанат Шайдарова ой-пікірлері де Жолдаудан туын­дай­тын мақсат-міндеттерге тоғысты. Айқын НЕСІПБАЙ, Қарағанды.