08 Ақпан, 2011

Солтүстік аумақтар қай елдің жері?

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Жапония тұрғындары өздерінің «солтүстік аумақтар күнін» атап өтті. Бұл күнді олар 1981 жылдан бері атап келеді. Ресеймен арада 1855 жылы жасалған трак­татты басшылыққа алған олар өздерінің солтүстік аумақтарын Ресей жағы заңсыз басып алды деп бағалайды. Токиода оңшыл, радикалды күштердің ұйымдастыруымен бірнеше мың адам Ресей Федерациясы елшілігінің алдына келіп, дыбыс күшейткіштермен жерімізді қайтарыңдар деп айқай салды. Кейбір қызуқандылар Ресейдің мемлекеттік туына от беріп, аяққа таптады. Елшілік үйін жүздеген полиция қызметкерлері қырағылықпен күзетуде.