12 Шілде, 2016

Жарқын жетістік

373 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Саматов Рухолла Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Ке­ңе­сінің тұрақты емес мүшелігіне сай­ланып отыр. Ұйым­ның Бас Ассам­блеясында 138 мемлекеттің Қа­зақстанды қол­дап дауыс беруі бұл еліміз үшін үл­кен құрмет, халық­аралық деңгейдегі беделінің барлығы деп түсі­нуіміз керек. Қазақстан Республикасы бұл беделге қалай жетті? Ол – Елбасымыздың кемең­герлік саясатының арқасы. Ел Президенті алдымен хал­қымыздың қасіретіне айнал­ған Семейдегі ядролық сы­нақ полигонын жапты. Сонан соң төрткүл дүниеге қатер төн­діріп, алаңдататын ядро­лық қарудан бас тартты. Қазақстан отар­шыл­дық­тың, қырғын соғыстың зауа­лын бастан кешкен ел. Сон­дықтан Елбасы адам бала­сына қасірет әкелетін істер­ден аулақ болып, тәуелсіз­ді­гі­міз­дің тұғырын адал еңбек­пен, да­мы­ған экономика, жақ­сар­ған тұрмыспен бекітуді қа­лады. Елбасымыздың адамзатқа бейбіт өмір тілейтін бұл бастамасын БҰҰ-ға мүше елдердің басшылары қолдап, дүниежүзіндегі бейбітшілікті нығайтуға, соғыстың алдын алуға бағытталған игі­лік­ті үлес деп жоғары баға­лап отыр. Халықаралық қауым­дас­тықты ядросыз әлем құру­ға, соғысты болдырмауға ша­қырған АҚШ-тағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитте жарияланған «Әлем.ХХІ ғасыр» манифесі БҰҰ-ның ресми құжатына айналғаны да баршаға аян. Бұл да Ел­ба­сының көрегендігі еді. Бірлік – біздің басты мақ­са­тымыз. Президентіміз бастап, барлық қоғамдық ұйымдар, саяси партиялар, қоғамдық институттар, жалпы халық болып ын­ты­мағымызды ны­­ғайту жолында жұмыла еңбек ет­­песек, елімізде тұ­рақтылық болмас еді. Еңбек – біздің басты қаруымыз. Тәуелсіздік алған осы аз жыл ішінде еліміз айтарлықтай дамып, көркейді. Ең бас­тысы – елімізде береке бар, ты­ныштық бар. Мұндай елге ин­вестиция құюшылар да аз болған жоқ. Бастысы – Ел­ба­­сы­мыз алға үлкен мұрат қоя білді және оған жетуге ха­лық­ты жұмылдырып, ер­те­ңі­міздің жарқын боларына жұрт­шылықты иландыра білді. Алпауыт елдердің өзін сан­сыратқан қаржылық және саяси дағдарыстардан Елба­сы­мыздың кемеңгерлік саяса­ты арқасында халқы түсіну­шілік танытып, табиғи табан­дылығы, төзімділігі, еңбек­қорлығы арқасында шығып келеді. Осындай бірлікті, рухы мықты ел ғана БҰҰ Қауіп­сіздік Кеңесінің қабыл­даған ше­шімдерін, жауапкер­шілік­пен орындай алады. Міне, сондықтан да Қа­зақ­стан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңе­сінің тұрақты емес мүше­лігіне сайланып отыр. Бұл біздің Елбасы­мызға, еліміз­ге көрсетілген сенім, халқы­мыз­дың қомақты табысы, жарқын жетістігі, үлкен мәртебе деп түсінемін. Батыс Қазақстан облы­сының Жаңақала ауданы жұрт­шылығы да  осындай ұлы істерге бастаған Президен­тіміздің сара саясатын қолдап, оны жүзеге асыруға үлестерін қоса береді. Рухолла САМАТОВ, «Нұр Отан» партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының орынбасары Батыс Қазақстан облысы