Елбасымыздың адамзатқа бейбіт өмір тілеген ізгі ниеті БҰҰ тарапынан оң қолдау тауып отыр. Бұған еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлануы дәлел бола алады. Алдағы екі жыл бойы «Әлем. ХХІ ғасыр» атты манифесінде көтерілген мәселелердің шешімін табуына жол ашылмақ. Қазақстан тарапынан елдерді бір-бірімен жауластырған лаңкестік әрекеттер мен өзге қырғи-қабақ көзқарастардың алдын алуға талпыныс жасалады. Әрине, бейбітшілікті қалайтын барша елдің басшылары, сарапшылар мен ғалымдар да, тіпті бизнесмендер мен өнер қайраткерлері де, сан миллиондаған адамдардың бәрі де әлемнің тыныштығы үшін бір мүддеге тоғысады.
Қазақстанның бейбітшілікті сақтау жолындағы байыпты бастамалары мен табанды ізденістерін қолдайды. Өйткені, Елбасы өз манифесінде «Біз балаларымыз бен немерелеріміздің болашағы туралы ойлауға тиіспіз. Өткен ғасырлардың қасіретті қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс қатерінен түпкілікті арылту үшін бүкіл әлем үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және миллиондаған адамдарының күш-жігерін жұмылдыру қажет. Іс-әрекетсіз отыру немесе бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету әлемдік апатпен барабар» деп жаһан жұртына үндеу тастаған еді.
Қазақстанды ядролық қарусыз мемлекетке айналдырып, әлемдік көшбасшылардың барлығына үлгі-өнеге көрсеткен Нұрсұлтан Назарбаев «Біздер, мемлекет басшылары мен саясаткерлер, адамзаттың болашағы үшін зор жауапкершілік арқалап отырмыз. Көптеген тар жол, тайғақ кешуден өткен адам, саясаткер ретінде, Семей ядролық полигонын жабу туралы күрделі шешім қабылдаған мемлекет қайраткері ретінде мен әлемдік лидерлер мен бүкіл халықаралық қоғамдастыққа ақыл-парасатқа жүгініңдер деген табанды талаппен қайрылып отырмын. Адамзатты ажал сепкен соғыс қатерінен мүлде арылту үшін қолымыздан келгеннің бәрін жасауымыз керек. Біз үшін қазір және таяу болашақта бұдан көкейкесті міндет жоқ», деп жаһанның тыныштығын сақтауға баршаны шақырды.
Әлемнің тыныштығы үшін күреске шақырған Елбасының осындай өміршең ұсыныстары БҰҰ тарапынан қолдау тапты. Тегінде адам қолымен жасалатын қауіп-қатерлердің, лаңкестік әрекеттердің алдын алуға баршаның жұмылуы қажет. Сонда ғана әлемде тыныштық орнайды.
Юрий КУСТАДИНЧЕВ,
«Возраждение» болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы, Атырау облыстық мәслихатының депутаты
АТЫРАУ

Блогер Ерболат Жанабылов пен жұбайына қатысты сот үкімі шықты
Оқиға • Бүгін, 16:58
Threads-те желтоқсаншыларды тілдеген әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 16:47
ҰБТ нәтижесі жеткіліксіз: Болашақ мұғалімдер үшін қосымша емтихан енгізіледі
Білім • Бүгін, 16:36
Алматы метросын салу кезінде ұрланған 127 млн теңге мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:33
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз әрі сапалы өтуі тиіс
Қоғам • Бүгін, 16:16
Елімізде мәдени мұраны қорғау үшін арнайы мекемелер құрылады
Қоғам • Бүгін, 16:12
Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13