08 Ақпан, 2011

Мәскеудің «Домодедово» әуежайындағы жарылысты жасаған жанкештілерді іздестіру шаралары аяқталып қалды.

328 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Бір қызметке екі түрлі баға Мәскеудің «Домодедово» әуежайындағы жарылысты жасаған жанкештілерді іздестіру шаралары аяқталып қалды. БАҚ-тар­дың бейресми деректерге сүйенген хабар­ларына қарағанда, оны жасаған Ингушетия тұрғыны Магомед Евлоев болып шықты. Бірақ бұл хабарды ресми органдар әлі қуаттаған жоқ. Президент Д.Медведев федералдық қауіпсіздік пен тергеу қызметі басшыларымен болған кездесуден кейін олардың жұмыс­тарына бірқатар сындар айтты. Соның ішінде тергеу толық аяқталмай жатып, қылмыскерлердің аттарын жариялауын өздеріне пиар жасау деп бағалады. Ал премьер-министр В.Путин «ОРТ» телеарнасының журналистеріне берген сұхба­тында олардың жұмыстарына жақсы баға берді.