2011 жыл 7 ақпан №17/25 Астана қаласы
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөнінде лингвистикалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2005 жылғы 31 тамыздағы № 12/25 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін: Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның құрамы (бұдан әрі – лингвистикалық комиссияның құрамы) осы қаулыға қосымшаға сай редакцияда жазылсын. 2. Лингвистикалық комиссияның құрамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын. Төраға Қ.ТҰРҒАНҚҰЛОВ. Хатшы Б.МЕЛДЕШОВ. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2011 жылғы 7 ақпандағы № 17/25 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссияның құрамы1. | Жолдасбеков Мырзатай Жолдасбекұлы | - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түркітану кафедрасының меңгерушісі, Түркі әлемі ақсақалдары кеңесінің төрағасы, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); |
2. | Қамзабекұлы Дихан | - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Дарын» Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша); |
3. | Қасқабасов Сейіт Асқарұлы | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (келісім бойынша); |
4. | Құрманбайұлы Шерубай | - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша); |
5. | Оразбаева Фаузия Шәмсиқызы | - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қазіргі қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор (келісім бойынша). |