Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагинді қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында С.Кулагин Мемлекет басшысына өңірдің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ, алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатымен «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстарын жалғастыру қажеттігіне назар аударды. Қазақстан Президенті жылу беру маусымына уақтылы әрі сапалы дайындалудың маңыздылығын да атап өтті.
Ақмола облысының әкімі биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша нақты сектор салаларында өсім көрсеткіші қамтамасыз етілгенін айтты. Айталық, өнеркәсіп саласында өндірістің нақты көлем индексі 106,5 пайызға жетіп, республика бойынша көшбасшылық көрсеткішке жетті.
С.Кулагиннің айтуынша, Индустрияландыру картасы аясында жүзеге асырылған 62 жоба 6 мыңнан астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берген. Жыл аяғына дейін тағы 20 жаңа жобаны іске қосу жоспарланған. Ауыл шаруашылығында мал басы мен құстың өсімі қамтамасыз етіліп, мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі ұлғайды. Өңірдегі ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқабы 4,2 миллион гектар болса, соның 3,8 миллион гектарына астық егілген.
Қазақстан Президентіне Астананың айналасында «азық-түлік белдеуін» дамыту аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар мен іске қосу жоспарланып отырған бірқатар жаңа жобалар туралы да баяндалды.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Суретті түсіргендер
С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ

Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Аймақтар • Кеше
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Кеше
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Кеше
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Кеше
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Кеше
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Кеше