15 Шілде, 2016

Автобустар

482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
DSC_9287 Семейде құрастырылып, Өскеменде жүйткиді   Өскемен қаласының қоғамдық жолаушылар тасымалдаушылары өздерінің автобус парктерін жаңартуды қолға алды. Бүгінде «Рост» ЖШС – 8, «VoSca» ЖШС 4 автобус сатып алды. Қала көшелерінде қызмет көрсетуге дайын тұрған су жаңа көліктерді аймақ басшысы Даниал Ахметов қарап шығып, басталған жұмысқа оң баға берді. Атап айтқанда, «Рост» ЖШС Семей қаласында шығарылатын «Daewoo» маркалы жалпы сыйымдылығы 60 орындық сегіз автобус сатып алды. Аталған отандық автобустар №44 қалалық бағытта қызмет көрсетпек. Жалпы, 2018 жылға дейін облыс орталығының жолаушы тасымалымен шұғылданатын компаниялары 100 автобус сатып алуды жоспарлап отыр. Автобус парктерінің жылжыма­лы құрамын жаңарту жұмыс­­тары Өскемен, Семей қала­лары­ның жолаушы тасымалы ком­панияларымен жасаған мемо­рандумдарының негізінде жү­зеге асырылуда. Келісім негі­зін­де Өскемен қаласының 10 кәсіп­орны мен Семей қаласының 4 кәсіпорны алдағы екі-үш жылда жылжымалы құрамды жаңартуды көздеп отыр. Жергілікті атқарушы органдармен жасалған меморандум аясында 7 жылға дейін қолданыста бол­ған автобустардың 50 пайызы жа­ңартылуы тиіс. Дәл осы мөл­шерде 7 жылдан 12 жылға дейін қол­да­ныста болған автобустар да жаңар­тылады. Ал қолданыстағы уақыты 12 жылдан асқан автобустар қала ішінде жолаушы тасымалдауға шығарылмайтын болады. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан» ӨСКЕМЕН