- Қазақстанда жекешелендіру аясында республикалық меншіктен 19 нысан сатылды. 2014-2020 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес, 1005 нысанды сату жоспарланған. Қазіргі уақытта іс жүзінде саудаға 479 нысан шығарылды, оның 284-і сатылды.
- Еліміздің кәсіпорындары жылына 40 мың тоннаға дейін титан оксидін кедендік баж салығынсыз импорттай алады. Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан белгіленген жұмыстың жаңа тәртібі халықаралық көлік тасымалдарын дамытуға және нығайтуға жәрдемдесуге бағытталған.
- Жыл басынан бері 500 млн. теңгеге қазақстандық кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды. «Атамекен» ҰКП кәсіпкерлер құқығын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің сарапшысы Думан Керімбаевтың айтуынша, осы аралықта кәсіпкерлік субъектілерден 338 арыз түсіп, оның 169-ы оңтайлы шешілген.
- Астананың жедел жәрдем дәрігерлері израильдік әріптестерінің тәжірибесімен танысып жатыр. Қалада жедел медициналық жәрдем жұмысын жетілдіру үшін Маген Давид Адом Израиль ұлттық шұғыл көмек көрсету қызметі жетекші мамандарының қатысуымен тренингтер өтуде.
- Оңтүстік Қазақстан облысында индустрияландыру картасы аясында жылына 360 мың шаршы метр полиэтилен құбырын шығаратын зауыт іске қосылды. Аталған индустриялы аймақта бүгінде уран өндіруші кәсіпорындарға арналған құрал-жабдықтар шығаратын зауыт пен йодталған ас тұзы кәсіпорны мен металл құрастыру сынды 3 жоба жұмыс істеп тұр.
- Ақтөбелік тауар өндірушілер азық-түлікті тікелей Алматыға жеткізетін болады. Аталмыш жұмыс 86 тауар топтарында импортты қысқарту үшін жасалуда. Мегаполиске жартылай тұтынылатын сырлар, құс еті, шұжық өнімдері мен май әкелінеді.
- Жамбыл облысының кәсіпкерлерін жеңілдікпен несиелендіру үшін 500 млн. теңге бөлінді. Құжат бойынша облыс әкімшілігі мен «Даму» қоры ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі, туризм, өнер және көңіл көтеру саласында қызмет көрсететін шағын және орта кәсіпкерлерге қолдау көрсетеді.
- Батыс Қазақстан облысында соңғы алты айда мүлікті заңдастыруға 427 өтініш түскен. Осы аралықта 2 млрд. теңгенің 292 нысаны заңдастырылды. Негізінен бұл – тұрғын үй, шаруашылық алаңдары және кәсіпкерлік нысандар.
«Жастар» Сарайының жарты ғасырлық мерейтойы тойланды
Елорда • Кеше
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшісі «Дарын» сыйлығын иеленді
Мәдениет • Кеше
Алматы • Кеше
Президент Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше