Вьетнамның басты іскерлік орталығы саналатын Хошимин қаласында «Эйр Астана» АҚ өкілдігі Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы елшілігінің қолдауымен шаһардағы жетекші туристік компаниялар мен авиагенттіктер үшін «Қазақстанда тоқтау жаса – әр бағытыңа із қалдыр» деген тақырыппен семинар өткізді. Семинар елордада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің қарсаңында осы айтулы шараға орайлас ұйымдастырылды.
Жиынның беташарында «Эйр Астана» АҚ-тың Қиыр Шығыс және Австралия бойынша өңірлік бас менеджері Дханвантри Гунетилеке сөз сөйлеп, «Хошимин-Астана» әуе бағытының мүмкіндіктері артып келе жатқанын, сол арқылы Вьетнамнан Қазақстанға, Қазақстан арқылы ТМД мен Еуропа елдеріне туристердің қатынауы жыл санап көбейіп келе жатқанын айтты. Компанияның өңірлік өкілі «Эйр Астананың» Алматы мен Астанадағы хабтардан жасалатын 60-тан астам халықаралық және ішкі рейстерді қамтитын желіге ие екендігін тілге тиек етті. Гунетилеке мырза айтып өткендей, «Эйр Астана» «ЭКСПО-2017 ресми тасымалдаушысы» эксклюзивтік мәртебесі бар ресми серіктес болып табылады. Келер жылы Астанаға келген және барлық транзиттік жолаушыларға көрмеге тегін кіру құқығы берілмек.
Осы жиында Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы елшісі Бекетжан Жұмаханов пен елшілік қызметкерлері сөз сөйледі. Б.Жұмаханов «Эйр Астананың» әуе бағыттары арқылы ЭКСПО-2017 көрмесі сынды аса ірі ұлттық жобаны ілгерілетуге толық мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Семинар барысында қатысушылар елімізге визаларын алу тәртібі, ЭКСПО-2017 көрмесіне орай, Астанаға туристерді тарту ісіндегі визаларды жеңілдету туралы хабардар болды. Қатысушылар назарына Қазақстан мен халықаралық көрме туралы бейнероликтер, басқа да материалдар ұсынылды.
«Егемен-ақпарат»

Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38