08 Ақпан, 2011

Мұз алаңы мен айдынында болды

579 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Алматыда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Люксор» кешенінің аумағында орналасқан мұз алаңында болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Алаңда көпшіліктің конькимен сырғанау, сондай-ақ ересектер мен балаларды мәнерлеп сыр­ғанауға үйрету шаралары өт­кізіледі. Мұнда сондай-ақ кёр­линг бойынша жаттығулар өтеді. Сонымен қатар, Президент «Ме­деу» мұз айдынында болып, 7-ші Қысқы Азия ойындарының ая­сын­да допты хоккейден Қа­зақ­стан мен Моңғолия құрамалары арасындағы финалдық матчты тамашалады.