08 Ақпан, 2011

«Заман өзгергенде біз де өзгеруіміз керек»

496 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Жеті саны қазаққа қасиетті. Өткен жылдың соңында жетінші ЕҚЫҰ Саммитін абыроймен өткізсек, биыл жетінші Азиаданы сәтті ұйымдастырдық. Азиада аламаны айбынымызды асырып, абыройымызды асқақтатты. Жұлдызымыз жоғарыда жана берсін, ардақты ағайын! Әдебиет пен өнердегі аға бу­ынды және олардың ізінен ерген талантты жастарды бір жерде ұдайы тоғыстыратын ұла­ғат­ты мұндай басқосулар, Елбасы айтқандай, ешқашан кездейсоқ болып көрген емес. Емен-жар­қын жүздесулердің Бәйдібек баба айтқан: «Бір үйдің бала­сындай, бір қолдың саласын­дай» дейтіндей тағылымы да бар. Мемлекет басшысының ха­лыққа арнаған Жолдауынан кейінгі шығармашылық қауым­дас­тықпен өтетін дәстүрлі кездесу осы бағдарламалық құжат­та көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруды талап етеді. Келешекті кемел етуге ұмтылған көкейкесті тарихи құ­жаттың іс жүзінде салтанат құ­руына зиялы қауымның, мәде­ниет майталмандарының қоса­тын үлесі қай кезде де өлшеусіз. – Дүниеге тәуелсіздік кө­зімен қарайтын ұлттық әдебиет пен өнеріміздің қалыптасуына қамқорлық жасауымыз керек, – деді Нұрсұлтан Әбішұлы зиялы қауымға көп аманат жүктеп. Алмақтың да салмағы бар дегендей, стипендия табыстау рәсіміне Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаттары, халық жазу­шылары, ақындар, артистер, суретшілер, музыканттар, Қазақ­стан мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткерлер қатысты. Өз сөзінде Мемлекет бас­шы­сы Қазақстан хал­қы­на қаңтар­дағы Жолдауында жаңа әлеу­меттік саясаттың басты мақса­ты – халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту болып табы­ла­ты­нын атап өтті.

Білімді жаңғырту, денсаулық сақтау жүйесін түбегейлі жақ­сарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту, тілдерді дамыту бағдарламасы жә­не тағы басқалары – мұның бәрі адамның игілігі үшін, қазақ­стандықтардың өмірін жақ­сар­ту мақсатына бағытталған. Жол­дау кезеңдік сипатқа ие, өйт­кені, барлық міндет онжылдық кезеңге есептелген. Адамның мүддесіне үйлестірілген даму стратегиясы барлық денсау­лы­ғы мықты, қазақстандық қоғам­ның жауапты күштері – пар­тияларды, қоғамдық бірлестіктерді, шығармашылық және кә­сіби одақтарды, бұқаралық ақ­па­рат құралдарын топтастыру үшін маңызды негіз болып табылады. – Мен көптеген мақсатқа мерзімінен бұрын қол жеткізетінімізге сенемін, өйткені бұл біздің қоғамды топтастыруды нығайтуға мүмкіндік береді. Біз үшін елімізді жаңғырту үде­ріс­теріне әрбір қазақстандықтың атсалысқаны өте қажет. Бұл, әсіресе, 2011 жылды Тәуел­сіз­ді­гіміздің 20 жылдығының жылы деп жариялаған жылы өте ма­ңызды. Тәуелсіздік мерейтойы Отанымыздың өркендеуі мен дамуы үшін баршамызды жа­сам­паздық еңбекке, жаңа жетістіктер мен табыстарға жетуімізге ықпал етуі тиіс, – деді Мемлекет басшысы. Президент Тәуелсіздік жыл­дары Қазақстан тамаша нәти­же­лерге қол жеткізгенін атап көр­сетті. Егер 1994 жылы ІЖӨ ха­лықтың жан басына шаққанда 700 АҚШ долларын құраса, 2010 жылы 9 000 АҚШ долла­рына жетті. Әлемдік рейтингте Қазақстан 110 мемлекеттің іш­ін­де 50 дамыған елдің қатарына енді. Елімізде ірі әлемдік оқи­ға­лар, атап айтқанда, өткен жылы Астанада ЕҚЫҰ-ның саммиті, 2011 жылдың басында 7-ші Қыс­қы Азия ойындары өтті. Биылғы жылы Қазақстан өз Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелейді. – Біздің шығармашылық зия­­лы қауым өкілдері бұл тарихи датаны біздің дәуіріміздің ру­хын айқын көрсететін жаңа публицистикалық және көркем туындылармен қарсы алулары қажет. Бұл Тәуелсіздіктің идея­сын танымал етуге, өскелең ұр­пақты патриотизм және Отанды сүю рухында тәрбиелеуге мүм­кіндік туғызуы тиіс. Қазақ­стан­ның зиялы қауым өкілдері алға қойған барлық міндеттерді та­бысты іске асыратынына сенемін. Барлығыңызға шығарма­шы­лық табыстар, Отанымыз­дың игілігі үшін жаңа да жар­қын жетістіктер тілеймін! – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мәдениет қайраткерлері өз сөздерінде Мемлекет басшы­сы­на мәдениет саласына көрсет­кен баға жеткізгісіз қолдауы үшін шын жүректен алғыста­рын айт­ты, сондай-ақ Президент сая­сатына бірауыздан қол­дау білдірді. Президенттік стипендия шы­­ғар­машыл зиялы қауым өкіл­де­ріне жыл сайын беріледі. Сти­пендияны тапсыру туралы шешімді Мемлекет басшысы 1994 жылы 12 желтоқсанда қабыл­да­ған. Мәдениет саласындағы Мем­лекеттік стипендия еліміз­дің құр­метті атақтары мен награ­да­ларын иеленген, шығарма­шы­лық­пен айналысатын және мә­де­ниет саласындағы зиялы қау­ым өкілдеріне, сондай-ақ Қа­зақ­стан мәдениетін қолдауға жә­не дамытуға елеулі үлес қос­қан талантты жастарға тапсы­ры­лады. Мемлекеттік стипендия Президенттің Жарлығымен 2000 жылы бекітілді. Бұл стипендия жыл сайын 50 адамға беріледі. Ал 2000 жылдан бері беріліп келе жатқан Мемлекеттік стипендия да жыл сайын 50 адамға беріледі.

– Өнер адамдарының халық тарихындағы рөлі өте жоғары. Тарихта ұлы қаламгерлердің ұлт­тық символға айналғаны бар­шамызға белгілі. Қазақ хал­қын – Абайсыз, орыс халқын – Пушкинсіз, ағылшындарды – Шекспирсіз, француздарды –Баль­заксыз елестету мүмкін емес, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. – Заман өзгергенде біз де өзгеруіміз керек. Жастарды тәуелсіздік ту­ын қисайтпайтындай етіп тәр­бие­леуіміз керек. Біздің әр кү­ні­міз – жаңалық. Әр істеген ісіміз – ешкім көрсетпеген жаңа жол! Айнаш ЕСАЛИ, Алматы. Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.