Қазақ ұлттық балет өнері бағына жұлдыздай жарқырап туған жеңімпаз баламыздың аты-жөні – Бақтияр Адамжан. Жақында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жетекші солисі Түркияның Ыстанбұл қаласында өткен Балет әртістерінің
V халықаралық байқауында Бас жүлдені қанжығасына байлады.
Қазақстан, Ресей, Австралия, Бразилия, Болгария, Жапония, Канада, Оңтүстік Африка, Оңтүстік Корея және басқа да бірқатар елдерден іріктелген қатысушылар Сюрей опералық театрында (Қадыкей ауданы, Ыстанбұл қаласы) бас қосқан болатын. Үш кезең бойынша өткізілген өнер сыны 13 шілдеге дейін жалғасты. Оған жастары 15 пен 26 аралығындағы жастар қатысты. Салтанатты Гала-концертте Бақтияр Адамжан мен ақтық сайысқа жолдама алған жеңімпаз жастар конкурс репертуарынан үздік нөмірлер ұсынды.
Берлин Мемлекеттік балетінің көркемдік жетекшісі, «Токио-балеттің» шығармашылық жөніндегі кеңесшісі Владимир Малахов төрағалық еткен қазылар алқасы құрамында Р.Нуреев атындағы балет әртістерінің халықаралық конкурсының директоры Р.Бокор, Скопье (Македония) Би театры және би фестивалінің директоры Р.Рисимкин, «Dance for You» журналының редакторы М.Виеру, Қазақстанның халық әртісі Г.Тұтқыбаева, Бостон балетінің көркемдік жетекшісі М.Ниссинен, Голландиялық би фестивалінің көркемдік жетекшісі, Роттердамдағы Өнер университетінің «Кодартс» би академиясының атқару кеңесінің мүшесі С.Вюрстен және басқалар бар.
Жетекші солист ыстанбұлдық сахнада Л.Минкустың «Дон Кихот», «Баядерка», Б.Асафьевтің «Париж жалыны», Ц.Пунидің «Эсмеральда» классикалық балеттерінен вариациялар орындады. Мұнымен қатар, Бақтияр арнайы екі заманауи нөмір – қазақстандық хореограф Сиязбек Уәлибековтің «Менің бөлігім» (Part of me) және Исян Чжанның (Бейжің қ., Қытай) «Ояну» (In the wake) туындысын ұсынды.
Бақтияр Адамжанның билегенін алғаш көрген белгілі бейжіңдік хореограф Исян Чжан, әртістің болашағы зор және де қай жағынан болсын жоғары марапатқа лайық екенін атап өтті.
– Нөмірдің алдында Бақтиярдың стилі мен техникасын анықтау мақсатында билеп беруін өтіндім. Солистің дайындығы көңіл көншітеді, ол бәрін жылдам әрі лезде қағып алады, солай бола тұра алдағы уақытта әлі көп нәрсені үйренуі мүмкін. Онымен бірігіп жұмыс істей бастаған алғашқы сәттен-ақ өзгерісті байқадым – осы қысқа уақыт ішінде әртіс өзі үшін жаңа стильді меңгеріп, айтарлықтай биікке көтерілді. Мен оның шеберлігі мен алған білімін паш етуге тырыстым, – дейді Исян Чжан.
Өз кезегінде Бақтияр Адамжан дайындықтың алғашқы мезетінде-ақ жеңіске жетуге талпынғанын айтты.
– Ыстанбұлдағы конкурсқа әлемнің әр өңірінен үздік бишілер келді, сол себепті біз бір-бірімізден молынан тәжірибе алмасуға тырыстық. Түрік көрермені менің өнерімді ыстық ықыласпен қарсы алды. Заманауи хореографиядан кейін классикалық биге «ауысу» оңай болған жоқ. Шынын айтқанда, бойымды тылсым бір күш билеп алды. Жақында ұлым дүниеге келген болатын. Перзентімнің қуанышынан әсерленіп, құсша шарықтаған шығармын. Жеңіс адамға бұрынғыдан да зор жауапкершілік жүктейді. Ендеше, алдымда мұнан да биік асқаралы асулар тұр, – деді журналистермен ой бөліскен Бақтияр Адамжан.
Тағы бір айта кететін жайт, конкурстық бағдарламаның төрт классикалық вариациясын дайындаумен «Астана Опера» балеттік труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратова мен педагог-репетитор, Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Константин Заклинский айналысты. «Әртістер үшін халықаралық конкурстардың орны қашанда маңызды саналады, себебі, дайындық пен додаға қатысу өнердің өрісін өсіреді, дамытады, бұл, тіпті, төзімділікті тексерумен тең. Жалпы, мұнда конкурсқа арналған және конкурсқа арналмаған әртіс дейтін ұғымдар бар, өйткені, мұндай ауыртпалықты көтеріп шығатын жандар некен-саяқ. Балеттің көп жағдайда спортпен ұқсас болуы содан. Балет сыны үздіксіз дайындықты талап етеді. Сол себепті жастық шақта оларға түрлі өнер бәйгелерінде бақтарын сынауға тура келіп жатады. Міне, сондай халықаралық додада Бақтияр Адамжан біздің үлкен балеттік әулетімізді жерге қаратқан жоқ, лайықты деңгейде өнер көрсетті» – деп Алтынай Асылмұратова сапар туралы әңгімесін түйіндеді.
Қаршыға КҮЛЕН

Экологиялық саммитке байланысты Астанада қай жолдар жабылады?
Елорда • Бүгін, 21:58
Астанада фельдшерге шабуыл жасаған ер адамға үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 21:30
Лирида жұлдыздар ағыны: бүгін түнде аспанда ерекше құбылыс болады
Оқиға • Бүгін, 21:00
Кадрдың қадірін кетірмесек игі...
Қоғам • Бүгін, 20:58
Астанада көпқабатты үйдің терезесінен құлаған бала қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 20:15
Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті
Президент • Бүгін, 19:50
Қазақстан Моңғолияны бидаймен қамтамасыз етеді
Қазақстан • Бүгін, 19:30
Дубайда өмірлік жаза тағайындалған отандасымыз апелляциялық шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 19:00
Ақтаудағы сауда орталығында бомба қойылғаны рас па?
Аймақтар • Бүгін, 18:25
Мемлекет басшысы бірқатар маңызды заңға қол қойды
Президент • Бүгін, 18:05
Егеуқұйрық уы бар балалар тағамы: Қазақстанның сауда нүктелері тексерілді
Қоғам • Бүгін, 17:57
Кеншілерге берілетін өтемақы қалай өзгереді?
Қоғам • Бүгін, 17:46
Әкімдіктер тоқсан сайын тексереді: 12 шілдеден бастап пәтер жалдау ережесі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 17:36
Депутат «ҚазАтомӨнеркәсіп» пен «Самұрық-Энергодағы» шикіліктерді жайып салды
Қоғам • Бүгін, 17:27
Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05